Қазақтардың дәстүрлі тағамдары және заманауи тамақтану үрдістері - Лайқос

Қазы немесе авокадо: қазақтардың дәстүрлі және заманауи тамақтануы

Қазақстандықтардың дастарханында фастфудтың пайда болуымен бірге дерлік дүкендерде ДТ-бөлімдері де ашылған еді, сонымен бірге біздің қоғамымызда «нағыз» және «дұрыс» тамақ дегеніміз не секілді дау-дамайлар мен пікірталастар өршіп, әрі күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұл сұрақ, әсіресе, құрамында ет пен сүт өнімдерінің көптігі салдарынан бірқатар аурулардың пайда болатынына қатысты құнарлы қазақ тағамдарына айып тағыла басталғанда ерекше өзектілікке ие болды.

Қазақтар шынымен де тек қана ет жеген бе? Қазақтың ұлттық тағамдарында өсімдіктерден алынатын жасұнық мөлшері жеткілікті деңгейде болған ба? Көшпелі халық немен тамақтанған? Әрі бізге, Қазақстанның көпұлтты халқына, қазіргі жағдайда дәл осылай тамақтану қажет пе? Осыған байланысты өз білімі және қорытындыларымен дәрігер-диетолог Алмагүл Ержекенова бөліседі.

Бұл қалай болған

Қазақ халқының тамақтану мәдениеті көшпелі өмір салтына тәуелді болған. Салқын қыс, құрғақ және ыстық жаз мезгілі адамдарды анағұрлым жақсы шарттар мен тамақтануды іздеу мақсатында көшіп-қонып тіршілік етіп, қыста қыстауға, ал жазда жайлауға қоныс аударуға мәжбүр еткен. Сол себептен қазақтың дәстүрлі тағамдары әдетте жоғары калориялы және құрамындағы құрауыштары аз болып келеді. Тек қана XIX ғасырдың аяғына қарай, яғни, қазақтар отырықшы өмір салтын ұстана бастағанда, дастарханның үстінде аймақ үшін тән емес азық-түлік түрлері пайда болды: бұршақ тұқымдастар, жеміс-жидектер, көкөністер, балық, ұннан жасалған тағамдар, тәттілер. Сонымен бірге оңтүстік өңірлердің тұрғындары үшін жасұнық пен дәрумендер – тамырсабақтар, жапырақтар, жабайы жемістер қолжетімді болған. Этнографтар қазақтың 150 дәстүрлі тағамының рецептурасын қалпына келтірсе, ғалымдар зерттеулерден кейін мынадай қорытындыға келеді: қазақтың дәстүрлі тағамдары – сіңімді, пайдалы және ақуыздар, дәрумендер мен минералдарға бай екендігін анықтады.

Ет және сүт өнімдері: негізгі айырмашылық

Қазақтар негізінен жылқы, түйе және қойды өсіріп, ет пен сүт ішкен. Кейбір аймақтарда ешкілерді де баққан. Ал сиырлар бұл тізімге кірмеген – сондықтан қазіргі уақытта иммунодиетолог мамандары сиыр еті, бұзау еті, сиыр сүті секілді өнімдерге деген жасырын түрдегі ағзаның тағам қабылдамауын үнемі байқап отырады, әрі бұл созылмалы қабыну аурулары сияқты салдар ретінде көрініс тауып отырады. Сонымен бірге дәрігерлер айтып отырғандай, қазіргі заманғы қазақтардың иммундық жүйесі жылқы, түйе, ешкі және қой еті мен сүтінің ақуыздарын жақсы қабылдайды. Қымыз, шұбат, саумал, қой еті, жылқы еті, ешкі сүті – қазақтардың иммундық кескінінің айқын мысалдары. Егер Қазақстанда желінетін сиыр еті, тауық еті және сиыр сүті өнімдерінің мөлшеріне қарасақ, онда қант диабеті, семіздік, аутоиммундық аурулардың неліктен осыншама жиі анықталатыны түсінікті болмақ.

Ғалымдар анықтағандай, әрбір ұлттың өзіндік гендер жиынтығы бар, сондай-ақ әрбір адам өзінің шығу тегіне байланысты тамақтануы тиіс.

Қазір не жеуге болады?

Біз ата-бабаларымыздың тамақтану салтына қайта орала аламыз ба? Шығыс асүйі мен әлем халықтарының басқа да тағамдарының араласуы көбінесе ас қорыту үдерісінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Ең жақсысы, бізге жарасымды тағамдардың жеке жиынтығын құрастыру. Мұны жасау үшін өз тәжірибемізге сүйене отырып, ата-бабаларымыздың дәстүрін ескеріп, сондай-ақ белгілі бір өнім түрлеріне деген жеке реакциямызды байқап жүргеніміз жөн.

Әлбетте, қазақтың дәстүрлі тағамдары біздің ас үлесімізде қала бермек, бәлкім, тек сәл өзгеріске ұшырайтын шығар. Алайда жоғары калориялығы мен ауыр құрамының салдарынан оларды тек қана мереке күндерге қалдырған абзал.

Ата-бабаларымыздың тамағы туралы біле отырып, біз мыңжылдықтар бойғы эволюцияның арқасында ағзамыз үшін үйреншікті болған әуелгі өнімдерге назар аударғанымыз дұрыс.

Қорытынды

Көшпелі секілді тамақтану адамның физикалық жүктемесі мен қиыншылықтары тек Орта ғасырлардағыдай болған кезде ғана орынды болмақ, ал бұл сирек кездесетін жайт.

  • Авакадо мен киноаны, сол секілді теңіздің арғы жағынан әкелінген кез келген өнімдер мен ингредиенттерді де, ас үлесіңіздің негізі етудің қажеті жоқ. Жұмыртқа, сиыр сүтінің өнімдері, тауық еті және сиыр еті де соларға жатқызылады.
  • Тамақтану үлесіндегі алуан түрлілік бірқалыпты түрде болуы керек. Азық-түліктің кейбір түрлеріне болатын ағзаның көтере алмаушылығы туралы ұмытпаңыз.
  • Сіңірілуі үшін құнарлы әрі дәстүрлі тағамдарды әрдайым анағұрлым жеңілірек етуге және дұрыс тамақтануға қарай бет бұруға болады.
Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]