
Қонақтарға арналған жылдам пісірмелер: тез дайындалатын 5 рецепт
Егер қонағыңыз жолда келе жатса, ал сіз оларды немен қарсы алуды білмей отырсаңыз, жылдам әзірленетін пісірмелер – нағыз ыңғайлы шешім. Лайқос кез келген кешті құтқара алатын бес қарапайым және тексерілген рецептіні дайындап қойды.
Даршын қосылған қатпарлы «ұлулар»

Уақыт: 15-20 минут
Не қажет:
- дайын қатпарлы қамыр – 1 қабат
- қант – 2-3 ас қ.
- даршын – 1 ш. қ.
- сары май – 20-30 г
Қалай дайындау керек
Тоңазыған қамырды жібітіңіз, май жағыңыз да, қант пен даршынды себіңіз. Орама түрінде ораңыз және қалыңдығы 1,5-2 см құрайтындай етіп тураңыз. 200°C температурада шамамен 12-15 минуттай пісіріңіз.
Қанша шығады: 6-8 дана
Шоколадты кекс

Уақыт: 25 минут
Не қажет:
- жұмыртқа – 2 дана
- қант – 120 г
- какао – 2 ас қ.
- өсімдік майы – 100 мл
- сүт – 120 мл
- ұн – 150 г
- қопсытқыш – 1 ш. қ.
Қалай дайындау керек
Барлығын рет-ретімен араластырыңыз: жұмыртқа, қант, май, сүт және құрғақ ингредиенттер. Пайда болған массаны қалыпқа құйыңыз және 180°C температурада 20-22 минут бойы пісіріңіз.
Қанша шығады: 4-5 адамға арналған 1 кішігірім кекс.
Лабаш қосылған «жалқау» ватрушкалар

Уақыт: 15 минут
Не қажет:
- лабаш – 1 жапырақ
- сүзбе – 200 г
- қант – 1-2 ас қ.
- қаймақ – 1 ас қ.
- жұмыртқа – 1 дана
- ванилин
Қалай дайындау керек
Салма үшін сүзбені қантпен, қаймақпен, жұмыртқа және ванилинмен біркелкі масса пайда болғанға дейін араластырыңыз. Лабашты 8×8 см құрайтын төртбұрыштарға кесіңіз, әрбір төртбұрыштың ортасына 1-2 шай қасық сүзбе салмасын салыңыз да, кішігірім «хатқалта» түрінде шығатындай, бұрыштарын ортасына қарай ұқыпты бүгіп қойыңыз. Ватрушкаларды пергамент төселген қаңылтыр табаға салып, сәл алтын түстес қабықша пайда болғанша 180 °C температурада 8-10 минут бойы пісіріңіз.
Қанша шығады: 8-10 мини-ватрушка.
Үгілмелі піспенан

Уақыт: 15-20 минут
Ингредиенттер:
- сары май – 100 г
- қант – 50 г
- ұн – 150 г
Қалай дайындау керек
Майды қантпен ұнтақтаңыз, ұнды қосыңыз және жұмсақ қамырды илеп қойыңыз. Домалақ түйіршіктерді жасаңыз да, шанышқымен үстінен сәл басыңыз. 180 °C температурада 10-12 минут бойы пісіріңіз. Дәмдірек болуы үшін какао, ваниль, лимон қабығының үгіндісін қосуға болады.
Қанша шығады: 12-14 піспенан.
Ірімшік қосылған қытырлақ таяқшалар (әрі шайға, әрі шарапқа жарамды)

Уақыт: 15 минут
Ингредиенттер:
- ашымаған немесе қатпарлы қамыр
- қатты ірімшік – 100-150 г
- жұмыртқа – 1 дана
- күнжіт немесе паприка (қалауыңыз бойынша)
Қалай дайындау керек
Қамырды жолақтарға кесіңіз, ірімшікті себіңіз, спираль түрінде кішкене шиыршықтаңыз. Үстіне жұмыртқа жағыңыз да, 200°C температурада 10-12 минут бойы пісіріңіз.
Қанша шығады: 10-12 таяқша.
Қорытынды
Жылдам пісірілетін тамақ тек қарапайым ғана емес, сонымен бірге өте дәмді де бола алады! Жаңа үйлесімдерді байқап көруден және өзіңізді де, жақындарыңызды да таңға қалдырудан қорықпаңыз.