Дұрыс тамақтану неден басталады? - Лайқос

Дұрыс тамақтану неден басталады?

Өмірді жақсартатын, смартфонға арналған пайдалы 8 қосымша.

Смартфон – селфи жасап, әлеуметтік желі шұқылауға ғана арналмаған құрал. Ол денсаулыққа күтім жасауға да көмектесе алады. Мысалы, дұрыс тамақтануға арналған қосымшаларды пайдалануға болады. Осыған дейінгі мақалаларымыздың бірінде дұрыс тамақтану теориясы жайлы әңгімелеген болатынбыз. Бүгін сол айтылғанның бәрін іс жүзінде жүзеге асыруға жәрдемдесетін қосымшалар жайлы әңгімелейміз.

 

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТРЕКИНГІ

 

YAZIO — калория мен диета есептегіші

 

Есептегіштен гөрі күнделік деу дұрыс шығар. Бұл қосымшаның көмегімен қашан, қанша тамақ жегеніңізді жазып отыра аласыз. Осының арқасында күніне қанша калория тұтынғаныңызды, тамағыңыздың қай бөлігі ақуыз, қайсысы май әлде көміртек болғанын нақтылап, қажет болып жатса, рационыңызды өзгерте аласыз. Қойылған мақсатқа орай, қосымша жеке тамақтану жоспарын ғана емес, жаттығу бағдарламасын да түзіп бере алады.

 

 

Android немесе iOS үшін жүктеп алу.

 

YAZIO қолданбасы — калория есептегіш және диета

MyFitnessPal — тағы бір калория есептегіш

Ең танымал калория есептегіштерінің бірі, сондай-ақ диета жоспарлағышы. Қолданушыға қандай тамақ жейтінін және оның неден тұратынын (мұны да білген артық етпейді, қызығы көп) анықтауға көмектеседі. Ол үшін өнімнің баркодын скандауға немесе қолмен жазып көрсетуге болады. Қосымша авторларының айтуынша, қазір онда алты миллионнан астам азық-түлік туралы ақпарат бар екен. Одан бөлек өз рецептеріңізді сақтап отыра аласыз.

 

 

Android немесе iOS үшін жүктеп алу.

 

MyFitnessPal қолданбасы — тағы бір калория есептегіш

PEP — дұрыс тамақтану

Бұл қосымша басқаша жұмыс істейді: ә дегенде өзіңіз жайлы мәліметті (бойыңыз, салмағыңыз, қаншалық белсендісіз) енгізіп, мақсатыңызды көрсетесіз – ол арықтау немесе салмақ жинау, яки қазіргі қалпыңызды сақтап тұру болуы мүмкін. Сондай-ақ қандай да бір өнімге аллергияңыз болса, оны да жазасыз. Осыдан кейін PEP сізге арнап таңғы, түскі, кешкі астан тұратын, әр күнге арналған рецептілері бар жеке жоспар жасап береді. Қазіргі уақытта 220-дан астам рецепт бар.

 

 

Android немесе iOS үшін жүктеп алу.

 

PEP қолданбасы — дұрыс тамақтану

Fitbit — белсенділік трекері

Fitbit – бірінші кезекте электроника шығарушы, алайда бұл компания жасаған трекер немесе смарт-таразысыз-ақ қосымшаның пайдасын көруге болады. Ол белсенділігіңіздің түрі мен ұзақтығын анықтайды, қадамыңызды санайды, ұйқы фазаларын белгілейді. Сонымен қатар Fitbit көмегімен калория күнделігін жүргізіп отыруға немесе қанша су ішкеніңізді көрсетуге болады. Айтпақшы, ойыны да бар: достарыңызбен жарысып, түрлі жетістікке жету мүмкіндігі қарастырылған.

 

 

Android немесе iOS үшін жүктеп алу.

 

Fitbit қолданбасы — белсенділік трекері

FatSecret — калория есептегіші және тамақ трекері

Дұрыс тамақтануға арналған қосымшалардың бәрі шамамен бірдей жұмыс істейтінін өзіңіз де байқаған боларсыз. Мұнда да күнделік, рецептілер, жаттығулар және салмақ сызбасы бар. Алайда кей дүние туралы ақпарат толығырақ берілген, мысалы, FatSecret тек ақуыз, май, көмірсуды ғана емес, жасұнық, холестерин, қан және натрий көлемін де есептей алады. Ең қызығы, бұл қосымшаны Windows Mobile үшін де жүктеп ала аласыз.

 

 

Android немесе iOS үшін жүктеп алу.

 

FatSecret қолданбасы — калория есептегіш және тамақ трекері

БОНУС РЕТІНДЕ

Дұрыс тамақтану және тән белсенділігі – саламатты өмір салтының кепілі. Алайда өзіңізді жақсарту жолында (мақсатқа жетсеңіз де, әлде жәй ғана тырысып көрсеңіз де) сізге күнделікті әдетке қатысты өзге де қосымшалар көмектесе алады. Соның бірнешеуіне тоқтала кетейік.

 

Drink Water Reminder — су балансы

Күніне шамамен 2-3 литр су ішу керек. Ал спортпен айналыссаңыз, сондай-ақ жазда, яғни тері көбірек шығатын кезде су көлемін тіпті де арттыра түсу керек. Бір қарағанда, аса қиын емес секілді, алайда мына екі дүниені ескеріңіз: біріншіден, мұның бәрі болжалдап айтылып отыр, оған жасыңыз, салмағыңыз және басқа параметрлер (қалыптан тыс іше беруге де болмайды) әсер етеді, екіншіден, бұл талапты бәрібір ұмытып кететіндер көп. Ал біз ұсынатын қосымша жеке нормаңызды да есептеп береді, есіңізге де салып отыра алады.

 

 

Android немесе iOS үшін жүктеп алу.

 

Drink Water Reminder қолданбасы

I Am Sober — мен сау адаммын

Авторларға сөз берейік: «ішімдіктен ада болу – 24 сағат бойы жүретін күрес, ал I Am Sober сізге күнді алкогольге жоламай, сау қала беремін деген уәдеден бастауға көмектеседі». Әрине, қосымшаның бар функционалы бұдан ғана тұрмайды. Ол қанша күн алкоголь тұтынбағаныңызды есептеп, суреттеп береді, қанша уақыт, қанша ақша үнемдегеніңізді айтады, өзгерістер хроникасын жүргізіп отыруға және жетістіктеріңіз, тәжірибеңіз жайлы басқаларға айтып беруге мүмкіндік береді.

 

 

Android немесе iOS үшін жүктеп алу.

I Am Sober қолданбасы — мен таза адаммын

Kwit — шылым қою

Темекіні біреумен бастаған қандай оңай болса, елмен жүріп тастаған да сондай жеңіл. Kwit өкпеңізді ыстан тазарту үшін достарыңызбен немесе бүкіл әлемнен жиналған өзге қолданушылармен бірігуді ұсынады: қанша шыдаймын деп жарысуға, түрлі деңгейден өтіп, жетістіктерге жетіп отыруға болады. Сонымен қатар қосымша күн сайын темекі қойғанның арқасында қанша ақша үнемдегеніңіз, денсаулығыңыз қаншалық жақсара түскенін айтып отырады. Мұның бәрі зиян әдетті қойып кетуге ынталандырады.

 

 

Android немесе iOS үшін жүктеп алу.

 

 

Kwit қолданбасы — темекі тастау
Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]