Аптап ыстықта тамақтану қағидалары: маусымдық көкөністер мен жемістердің пайдасы неде - Лайқос

Аптап ыстықта тамақтану қағидалары: маусымдық көкөністер мен жемістердің пайдасы неде

Жаз маусымында ағза басқа тәртіпте жұмыс істейді: ол сұйықтықты жылдам жоғалтады, ауыр тамақты нашар көтереді және қызып кетуге сезімтал келеді. Дәл осы себептен аптап ыстықта қарапайым қағидаттарды ұстанған абзал, бұл – жеңіл тағамдар мен маусымдық өнімдер. Лайқос түсіндіреді.

Неліктен ыстықта тәбет жоғалады

Жаз кезінде тәбеттің төмендеуі – ағзаның қалыпты физиологиялық реакциясы. Ыстықтаған кезде дене салқындау үшін көбірек ресурстарды жұмсайды.

Жалпы ас қорыту үдерісі өздігінен қосымша жылуды береді. Соның ішінде ағза ауыр, майлы және ақуызды тағамдарға ерекше көп күш-қуат пен жылуды шығындайды. Нақ осы себептен жаз маусымында ет, ыстық тағам мен тойымды кешкі асты тіптен қаламайсың.

Сонымен қатар жоғары температура мидағы аштық пен шөлдеу орталықтарына әсер етеді. Нәтижесінде ағза тамақтан гөрі суды көбірек сұрап тұрады. Тер арқылы сұйықтық пен электролиттерді жоғалту тәбетті одан бетер төмендетіп жібереді және әлсіздікті береді.

Ыстықта не жеген дұрыс

Алмагүл Ержекенова, клиникалық диетолог:

Мұндай күндері мен әдетте емделушілерге ас үлесіне ауыр және майлы тамақпен артық салмақ түсірмеуге кеңес беремін, әсіресе, күндізгі уақытта. Оның орнына көкөністер, жидектер, жапырақты көкөністер, жемістер, ашымалы өнімдер, балық, салқын сорпалар әлдеқайда жеңілірек көтеріледі. Ағза ас қорыту үшін энергияны анағұрлым азырақ жұмсайды да, әрі аптап ыстықты айтарлықтай жақсы көтереді.

Бұл ретте су ішу тәртібін қадағалау өте маңызды. Сондай-ақ тек шөлдеу сезіміне ғана бағдарланған қате: кейбір адамдарда, әсіресе, егде жастағыларда бұл сезім төмендетілген болуы мүмкін. Оның орнына суды күні бойына аз-аздан ішкен дұрыс. Ал тәтті сусындар мен алкоголь ыстық кезде сұйықтықтың жоғалуын тек күшейте түседі. Жазда азық-түліктің қауіпсіздігін қадағалаған аса маңызды: аптапта дайын тамақ, сүтті өнімдер мен майонез қосылған тағамдар әлдеқайда тез бүлінеді.

Гидраттану мен электролиттердің рөлі

Аптап ыстықта ағза суды ғана емес, сонымен бірге электролиттерді де – ең алдымен, натрий мен калийді жоғалтады. Олардың тапшылығы әлсіздікті, бастың айналуы мен еңбекке деген қабілеттілікті азайтады.

Маусымдық өнімдер осы тапшылықты ішінара жабады:

  • қарбыз, қауын – су мен калийдің көзі
  • қияр, қызанақ – гидраттану + микроэлементтер
  • көк шөп – магний мен антиоксиданттар

Сұйықтық айқын жоғалған кезде (спорт, аптап ыстық, ауруға шалдығу) жалғыз тамақтанудың өзі жеткіліксіз болуы бек мүмкін – бұл ретте су ішу тәртібін бақылау аса маңызды болып келеді, ал кей уақытта су-тұз теңгерімін қалпына келтіру мақсатында электролиттерді қосымша қабылдау қажет.

Мұны кім ерекше ескергені маңызды

Балалар, егде жастағы адамдар мен уақытты далада көп өткізетіндер (құрылысшылар, курьерлер, спортшылар), әсіресе, ыстыққа ерекше сезімтал келетін жандар, өйткені олар сұйықтықты тезірек жоғалтады және қызып кетуді әлдеқайда ауыр көтереді.

Созылмалы аурулары бар, соның ішінде жүрек-қан тамырларының аурулары, бүйрекке қатысты дерттері, қант диабеті және асқазан-ішек жолының түйткілдеріне шалдыққан адамдар тамақ пен суға мұқият қарағаны абзал. Ыстықта ағзаға түсетін салмақ арта түседі, сол себептен су теңгерімін сақтау мен жеңіл тамақтану ерекше маңыздылыққа ие болатыны сөзсіз.

Қорытынды

Маусымға қарай бейімделген ас үлесі – бұл жоғары температура жағдайында күш-қуатты, еңбекке деген қабілеттілік пен жалпы хал-күйді сақтаудың ең қарапайым және тиімді тәсілдерінің бірі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.