Тамақтан улануға жол бермеу: қауіпсіздіктің 3 ережесі + алғашқы көмек

Тамақтан улануға жол бермеу: сізді құтқара алатын нұсқаулық

7 сұрақ

Дайын тамақты бөлме температурасында қанша сағат сақтауға болады?

Тамақ пісіру кезінде бактериялардың көбі қандай температурада өліп қалады?

Тамақ дайындау кезінде қолды қаншалықты жиі жуу керек?

Қаптама саңылаусыз болса, азық-түліктің бұзылғанын қалай түсінуге болады?

Қандай белгі тамақтан уланғанды көрсетіп тұрады?

Азық-түліктің балғындығына күмәнданып тұрсаңыз, не істеу керек?

Ыдыс-аяққа арналған ысқышпен не істеу қажет?

Тамақтан улану қалыпты ырғақтан ұзақ уақытқа айыруы, демалысыңызды бұзып жіберуі, ал кейбір жағдайда денсаулық үшін күрделі салдарға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Лайқос үйде, кафе мен саяхат кезіндегі қауіпті барынша азайтудың жолдары жайында айтып береді.

Асүйдегі гигиена: міндетті 3 ереже

Тамақтан улану – бұл ағзаның тамақпен бірге түскен токсиндер, бактериялар немесе вирустарға деген реакциясы. Ең кеңінен таралған себепшілері – сальмонелла, ішек таяқшасы, листерия, стафилококк. Кейде уланудың белгілері бірнеше сағаттан кейін, ал кейбір кездері бір тәулік өткен соң пайда болуы мүмкін: жүрек айнуы, іштің ауыруы, іш өту, әлсіздік, дене қызуы. Егер қарапайым ережелер сақталса, осындай көптеген жағдайлардың алдын алуға болады.

Тазалықбұл негізгі жайт

Қолыңызды әрдайым жуып жүріңіз. Тамақ пісірер алдында, етті турағаннан кейін, сырттан келгенде, мысықты сиипаған соң. Жеміс-жидек пен көкөністерді жуу – бұл да міндетті түрде сақталуы тиіс ереже. Бұл тұста әшейін сумен шая салу емес, ағын судың астында, әсіресе, көк шөп пен жидекті мұқият жуғаныңыз абзал.

Азық-түлікті турайтын тақтайлар мен пышақтар таза болуы керек, әрі шикі ет, балық және дайын өнімдер үшін алма-кезек қолданылмағаны жөн. Ең дұрысы, түрлі өнімдер үшін бөлек-бөлек тақтайларды пайдалану.

Сақталу мерзімдерді қадағалаңыз

Кешегіден қалған майонез қосылған салаттар, пикниктегі жылы шырын, арқақоржынның ішінде ұмыт қалған бәліш… Кейде біз азық-түліктің, әсіресе, жаз мезгілінде қаншалықты жылдам бүлінетінін жете бағаламаймыз.

Азық-түлікті сатып алған кезде оның өндірілген күніне назар аударғаныңыз дұрыс. Егер өнім дәміне, иісі немесе сыртқы түріне қарай біртүрлі болып көрінсе, тәуекелге бармағаныңыз жөн. Бәлкім, ештеңе болмас – бұл өте қауіпті қағидат.

Термиялық өңдеу: қандай температуралар бактерияларды өлтіреді

Ет, балық, жұмыртқа – міндетті түрде жақсы пісірілуі тиіс азық-түлік түрлері. Тіпті, мұздатылған өнімдер толыққанды термиялық өңдеуден өткізулуін талап етеді: қатыру бактерияларды өлтірмейді, бұл тек қана олардың өсуін тежейді. Егер сіз оларды бәрібір шикі түрінде қолдануды қаласаңыз, онда өнімнің ветеринарлық және санитарлық бақылаудан өткеніне сенімді болуыңыз керек.

Улануды жиі тудыратын қауіпті өнімдер

Көшедегі шауырма, ашық сөрелерде тұрған салаттар, супермаркеттен сатып алынған ролл – осының барлығы қауіпті болуы ықтимал. Осы тұста санитарлық нормалар сақталатын, әрі тағамдар сіздің көз алдыңызда дайындалатын тексерілген орындарды таңдағаныңыз абзал.

Саяхаттау барысында, әсіресе, жылы елдерге сапар жасаған кезде краннан ағатын суды ішпеңіз, күмәнді көздерден алынып жасалған мұзды жемеңіз, сонымен бірге дайындықсыз «экзотиканың» дәмін татпағаныңыз жөн.

Сақталуы

Температура +5°C градустан жоғары болған кезде көптеген бактериялар белсенді түрде көбейе түседі. Азық-түлік бұзылып қалмасын десеңіз, оны тоңазытқышта сақтаңыз. Дайын тағамдарды, әсіресе, олардың құрамында жұмыртқа, майонез немесе сүт өнімдері бар болса, 1-2 күннің ішінде жеп тауысқаныңыз дұрыс болар.

Көкке шыққанда өзіңізбен бірге термосөмке немесе жылжымалы тоңазытқышты алып жүріңіз. Жаз кезінде тамақ салқындатылмаса, ол бірнеше сағаттың ішінде, әсіресе, аптап ыстықта бұзылуы бек мүмкін.

Тамақтан уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек: не істеу керек?

Жоғары температура, іш өту, не болмаса сусызданудың белгілері пайда болса, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз. Дәрігерге барыңыз. Жеңіл симптомдар кезінде емделушіге көбірек су ішу, сорбенттерді (белсендірілген көмір, смекта, полисорб) қабылдау, жеңіл тамақтану мен тыныштық керек.

Қорытынды

Қалай және не ішіп, не жеп жүргеніңізге кішкене көңіл бөлсеңіз, асқазаныңыз да риза болары сөзсіз. Ал демалыс, пикник немесе қонақтағы кешкі асыңыз, дәріханаға шұғыл түрде бару немесе жедел жәрдем шақырусыз, сіз ойлағандай өтсін.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.