Вегандар мен вегетариандар: нені білу маңызды - Лайқос

Вегандар мен вегетариандар: олар кімдер және айырмашылығы неде

Соңғы жылдары адамдар салауатты өмір салты мен ғаламшарымызға қамқорлық таныту турасында көп ойлана бастады. Бұл тамақтанудың жаңа түрлері – вегандық және вегетарианшылықтың кеңінен танымал болуының бір себебі болып келеді. Осы бағыттың екеуі де еттен бас тартуды талап еткенімен, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Өзіңізге қолайлы өмір салтын таңдағанда осы жайттарды ескергеніңіз маңызды. Лайқос вегандар мен вегетариандардың кім екенін, олардың негізгі айырмашылықтары неде екенін анықтайды, сонымен бірге тамақтанудың әрбір түрінің оң және теріс жақтарын зерттейді.

Вегетарианшылық дегеніміз не?

Вегетарианшылық — бұл ет, балық және теңіз өнімдерін тұтынуды болғызбайтын, алайда сүт өнімдері мен жұмыртқа секілді жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынуға мүмкіндік беретін тамақтану жүйесі. Вегетарианшылықтың негізгі қағидаты малды союды қажет ететін өнімдерден бас тартуда жатыр.

Вегетарианшылықтың негізгі түрлері

Вегандық дегеніміз не?

Вегандық — бұл вегетарианшылықтың анағұрлым қатаң түрі, әрі мұнда ет, балық және теңіз өнімдеріне ғана емес, сондай-ақ жануарлардан алынатын барлық өнімдерді тұтынуға тыйым салынған, соның ішінде сүт, жұмыртқа, бал және құрамында жануарлардан алынатын ингредиенттері (мәселен, желатин немесе казеин) бар болуы мүмкін кез келген өнімдер қамтылған.

Вегандықтың негізгі түрлері

  1. Диеталық вегандық — тек тамақтануда ғана жануарлардан алынатын өнімдерден бас тартуға негізделген.
  2. Этикалық вегандық — жануарлардан алынатын өнімдерден бас тартуға ғана емес, сонымен бірге жануарлардан алынатын компоненттерді (мысалы, былғары, тері, жүн) қамтуы мүмкін кез келген тауарларды қолданудан бас тартуға, сондай-ақ ойын-сауық индустриясында да жануарларды пайдалануға қарсы шығуға негізделген.
  3. Экологиялық вегандық — мал шаруашылығын ғаламшар ластануының негізгі факторларының бірі ретінде қарастыра отырып, қоршаған ортаға қамқорлық танытуға баса назар аударады.

Вегандар мен вегетариандар арасындағы негізгі айырмашылықтар

Пайдасы мен зияны

Вегетарианшылықтың пайдасы

– Қоректік заттектерге бай ас үлесі: вегетариандық диета көбіне-көп денсаулық үшін аса пайдалы болып келетін көкөністер, жемістер, дәнді және бұршақты дақылдардың мол мөлшерін қамтиды.

– Жүрек-қан тамырлары жүйесі үшін пайдасы: еттен бас тарту холестерин деңгейі мен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін төмендетеді.

– Ас қорыту жұмысының жақсаруы: тамақтану үлесіндегі жасұнықтың мол мөлшері дұрыс ас қорытуды сақтауға көмектеседі.

Вегетарианшылықтың зияны

– Ақуыз тапшылығының қаупі: тамақтану үлесінде ет болмаған жағдайда ақуыздың балама көздерін іздеу қажет, мәселен, бұршақ дақылдары, жаңғақтар және жұмыртқа.

– B12 дәрумені және темір жеткіліксіздігі: кейбір микроэлементтерді жануарлардан алынатын өнімдерсіз алу қиынға соғады, сондықтан қоспаларды қабылдау қажеттілігі туындауы әбден мүмкін.

Вегандықтың пайдасы

– Созылмалы аурулар қаупінің төмендеуі: вегандық диета көбінесе қант диабетінің, семіздік және қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің даму қаупін төмендете алуымен байланыстырылады.

– Этика және жануарларға деген қамқорлық: вегандар жануарларды қанаумен байланысты өндірісте шығарылатын өнімдерді тұтынбайды.

– Экологияға деген қамқорлық: вегандыққа көшу көміртек ізі мен ресурстарды тұтынуды төмендетуге септігін тигізеді.

Вегандықтың зияны

– Қоректік заттардың әлеуетті тапшылығы: вегандар B12, D дәрумендері, омега-3 май қышқылдары, темір және қальцийдің жетіспеушілігіне тап болуы мүмкін.

– Диетаны мұқият жоспарлау қажеттілігі: қоректік заттардың тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін вегандар тамақтану үлесіндегі азық-түліктердің әртүрлілігі мен қоспаларды қабылдау ықтималдығына назар аударуы керек.

Қорытынды

Вегандық пен вегетарианшылық арасында таңдау жасау — бұл сіздің этикалық нанымдарыңызға, денсаулығыңыздың жағдайы мен қалауларыңызға байланысты жеке шешім. Нұсқаның екеуінде де өзіндік артықшылықтар мен кемшіліктер бар, алайда істің дұрыс ыңғайын білсеңіз, екеуі де салауатты және толыққанды ас үлесінің негізіне айнала алады. Тамақтанудың қандай түрі сізге жақын екенін анықтап алыңыз да, әрі кез келген таңдаудың оң және теріс жақтарын ескере отырып, өз ас үлесіңізді саналы түрде өзгертуді бастаңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]