Жазғы тағамдар: смузидің ең үздік рецепттері - Лайқос

Жазғы тағамдар: смузидің ең үздік рецепттері

Жаз мезгілінің аптап ыстығында сергітетін және пайдалы нәрселерді жегіңіз немесе ішкіңіз келіп тұрады. Біздің таңдауымыз – смузи: бұл әрі тамақ, әрі сусын, әрі дәруменді коктейль болып келеді. Тоңазытқышта табылатын азық-түліктің барлығы да жарай береді: жемістер мен көкөністер, жаңғақтар мен тұқымдар, көк шөп және шырын мен сүттен бастап кәдімгі суға дейінгі алуан түрлі негіздер. Лайқос жазда жасауға болатын ең дәмді смузи түрлерін таңдады.

Естеріңізде болсын: жемістерден жасалған смузиді аш қарынға ішуге болмайды. Мұндағы қышқылдар шырышты қабыққа тітіркендіргіш әсер етуі мүмкін, әрі бұл асқазан-ішек жолының түйткілдеріне әкеліп соқтырады. Сондықтан таңертең көкөністер немесе банан мен көк шөп негізінде дайындалған смузилерді таңдағаныңыз абзал.

Тағы да бір маңызды жайт: смузиді әзірлегеннен кейін оны екі сағаттан артық сақтамағаныңыз дұрыс.

Алма мен қызылшадан даярланған смузи – таңғы асқа

Таңғы асқа арналған қызылша мен алма смузиі

Осы өнімдер жиынтығынан тәтті смузиді жасауға болады. Ал тәтті болмауы үшін құрманы қиярға алмастырып, асжапырақ қоссаңыз болады.

Тойымды смузи

Банан мен құлпынай қосылған смузи

Жидектерді жуыңыз және дайындап қойыңыз. Бананның қабығын алып тастаңыз. Бәрін блендердің ішіне салып, біркелкі массаға дейін араластырыңыз. Смузи салқын болуы үшін тоңазытқышта тұрған сүтті алғаныңыз дұрыс.

Жасыл детокс

Диеталық смузи — «Жасыл детокс»

Көк шөп пен басқа да ингредиенттерді жақсылап жуып алыңыз. Алма мен қиярды бөлшектеп тураңыз. Бәрін де блендердің ішінде араластырып, рахатқа бөленіңіз.

Даршын қосылған қаусырма

Таңғы асқа арналған қызылша мен алма смузиі

Алманы жуыңыз және бөлшектерге кесіңіз. Барлық ингредиенттерді блендердің ішінде араластырыңыз. Дастарханға ұсынған кезде көпіршітілген кілегеймен безендіріп, үстінен даршын себіңіз.

Арықтауға арналған смузи

Арықтауға арналған смузи

«Бағдаршам» смузи

Банан мен киви қосылған смузи — «Бағдаршам»

Таңқурайды блендерге салып араластырыңыз. Қабығынан аршылған және туралған кивиді қантпен бөлек араластыру керек. Сондай-ақ банан мен кілегейді де бөлек араластырған жөн. Түстің үшеуін де биік стақанның ішіне қабат-қабат салыңыз: астында – киви, ортасында – банан, үстінде – таңқурай болуы керек.

Сұлы қосылған тазартатын смузи

Сұлы қосылған тазартқыш смузи

Үлпекті 15 минутқа шайға салып жібітіңіз. Кивиді қабығынан аршып, тураңыз. Бәрін де блендердің ішіне салыңыз және араластырыңыз. Мұндай смузиді кешкісін ішкен жөн.

Пина колада

Жеміс смузи — «Пина колада»

Қаласаңыз, кокос сүтін де қосуға болады – шырын мөлшерімен бірдей етіп, яғни, 1:1 ара қатынасында қосыңыз. Барлық ингредиенттерді блендерге салыңыз. Дастарханға қойған кезде мұзбен бірге ұсынуға болады.

Смузи – тамақтану рационын түрлендірудің және дәмді әрі пайдалы сусыннан ләззатқа бөленудің тексерілген тәсілі. Жаз – смузидің әртүрлі рецепттерімен эксперимент жасаудың мінсіз уақыты. Жоғарыда ұсынылған рецепттерді қолданып көріңіз, не болмаса сүйікті жемістер мен көкөністерді қоса отырып, өзіңіздің бірегей комбинацияларыңызды жасаңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 2]