Жеңіл тағамдардың (ДТ) рецепттері: мерекеден кейін қалпымызға ораламыз

Мерекелерден кейін қалпыңызға тез оралуға арналған жеңіл рецепттер

Жаңа жылдық мерекелер – бұл сияпаттар, қонақтар мен дастархандағы молшылықтың уақыты. Дегенмен бұдан кейін жеңілдік пен күш-қуаттың болғанын қалайсың, ал ұзақ уақыт тамақ дайындауға, әдетте, мұрша жоқ. Лайқос сіздер үшін қалпыңызға оралуға көмектесетін дұрыс тамақтанудың қарапайым рецепттерін жинақтады. Бұл тағамдар жылдам дайындалады, әрі қолжетімді азық-түліктерден жасалады және дәмді, пайдалы әрі артық күш жұмасамай-ақ тамақтанғысы келетіндерге аса қолайлы. Жаңа жылды жеңілдік сезімі мен өзіңізге деген қамқорлық танытудан бастаңыз!

Тауық қосылған пісірілген бұрыштан жасалған езбе көже

Мерекелерден кейін қалпыңызға тез оралуға арналған жеңіл рецепттер

Жаңа жылдық холестериндік бомбадан кейін бауырыңыз үшін тауық еті қосылған көкөніс сорпасынан артық не болуы мүмкін? Иә, дұрыс, одан жақсы ешнәрсе жоқ.

Ингредиенттер:

Сорпаға керектісі

  • орташа тәтті бұрыш – 4 дана
  • ірі пияз – 1 дана
  • сарымсақ – 4 тісі
  • ұнтақталған паприка – 1 ш. қ.
  • өз шырынындағы қызанақтар – 800 г
  • тауық немесе көкөніс сорпасы – 700 мл
  • қант – 1 ш. қ., тұз және бұрышы – қалауыңызша

Тауыққа керектісі

  • тауық сүбесі – 3 дана
  • ұнтақталған зире – 1/2 ш. қ.
  • сарымсақ – 1 тісі
  • чили ұнтағы – 1/4 ш. қ.
  • тұз және бұрыш – қалауыңызша

Дайындау тәсілі:

  1. Бұрышты пісіріңіз: жайпақ қаңылтыр табаға салыңыз да, 220°C дейін қыздырылған тұмшапеште 25–30 минут пісіріңіз. 10 минутқа пакетке сала тұрыңыз, қабықшасы мен тұқымдарынан тазартып алып, тураңыз.
  2. Тауық етін әзірлеңіз: тауық сүбесін кесіңіз, зире, сарымсақ, тұз, бұрыш, чили және май қосыңыз. Дәмдеуіштердің сіңуі үшін қалдыра тұрыңыз.
  3. Пияз бен сарымсақты ұсақтап кесіңіз, май қосылған табада 2-3 минуттай қуырыңыз. Паприканы қосып, тағы бір минут қуырыңыз.
  4. Сорпаны жасаңыз: бұрыш, өз шырыны қосылған қызанақтарды салыңыз, сорпаны құйыңыз. 10 минут қайнатыңыз, содан кейін блендермен ұсақтап алып, қалауыңыз бойынша тұз, бұрыш және қант қосыңыз.
  5. Тауық етін екі жағынан 2 минут уақыт бойы алтын түсті қабышқа пайда болғанға дейін қуырыңыз, кішкентай кесектерге тураңыз.
  6. Сорпаны тәрелкелерге құйыңыз, тауық етін қосып, қаласаңыз, кішкене кілегей қоссаңыз да болады.

Жұмсартылған қияр

Мерекелерден кейін қалпыңызға тез оралуға арналған жеңіл рецепттер

10 ингредиенттен тұратын күрделі майонезді салаттарды әзірлеуден шаршадыңыз ба? Осы тұста мынадай бір шешімді ұсынамыз: әрі арзан, әрі дәмді, сондай-ақ небәрі 10-15 минуттың ішінде дайындалады.

Ингредиенттер:

  • Қияр – 300 г
  • Сычуань бұрышы – 0,5 ш. қ.
  • Күнжіт – 2 ас қ.
  • Соя тұздығы – 2 ас қ.
  • Күріш сірке суы – 2 ас қ.
  • Күнжіт майы – 1 ш. қ.
  • Ұнтақталған чили бұрышы

Дайындау тәсілі:

  1. Қиярдың бетінде жырашықтар пайда болуы үшін үстін шанышқымен тырнаңыз.
  2. 1,5-2 см көлеміндегі кесектерге тураңыз.
  3. Тұз себіңіз, аздап қолыңызбен езіңіз және 5 минутқа қалдырыңыз.
  4. Сычуань бұрышын ұнтақтағыштың ішінде езіңіз.
  5. Күнжітті қосыңыз да, тағы да езіңіз.
  6. Қоспаны хош иіс пайда болғанша дейін құрғақ табада қуырыңыз.
  7. Ыдыстың ішінде соя тұздығын, сірке суын, күнжіт майын, чили бұрышы мен қуырылған дәмдеуіштерді араластырыңыз.
  8. Артық сұйықтықтан арылу үшін қиярларды сығып алыңыз.
  9. Олардың үстіне қоспаны құйыңыз.
  10. Тағамды бірден жеуге немесе маринадталуы үшін қалдыруға болады.

Пайдалы шоколадты кәмпиттер

Мерекелерден кейін қалпыңызға тез оралуға арналған жеңіл рецепттер

Иә-иә, кәмпит те пайдалы және дәмді болуы бек мүмкін.

Ингредиенттер:

  • Ұнтақталған сұлы жармасы – 50 г
  • Ұнтақталған бадам – 25 г
  • Дәнегі жоқ жұмсақ құрма – 80 г
  • Қорытылған кокос майы – 2 ш. қ.
  • Үйеңкі шәрбаты – 2 ас қ.
  • Су – 2 ас қ.
  • Тұз – бір салым

Себінді үшін келесілердің біреуін таңдаңыз

  • Какао-ұнтағы – 50 г
  • Матча ұнтағы – 50 г
  • Шоколадты глазурь

Дайындау тәсілі:

  1. Барлық ингредиенттерді блендерге салыңыз және біркелкі жұмсақ масса пайда болғанға дейін ұсақтаңыз.
  2. Пайда болған массадан түйіршіктерді шиыршықтаңыз және 2 сағатқа тоңазытқышта қалдыра тұрыңыз.
  3. Кәмпиттерді какао-ұнтағы, матча ұнтағына (қалауыңызға қарай) аунатыңыз немесе шоколадты глазурьді құйыңыз.

Моцарелла, апельсин және авокадо қосылған салат

Мерекелерден кейін қалпыңызға тез оралуға арналған жеңіл рецепттер

Жеңіл, дәмді және пайдалы, ал ең бастысы – ешқандай майонез жоқ.

Ингредиенттер:

  • Моцарелла – 120 г
  • Апельсин – 200 г
  • Қияр – 250 г
  • Авокадо – 100 г
  • Айсберг салаты – 70 г
  • Райхан – 30 г
  • Өсімдік майы – 1 ас қ.
  • Апельсин шырыны – 2 ас қ.
  • Лимон шырыны – 1 ш. қ.
  • Тұтас дәнді қыша – 1 ш. қ.
  • Бал – 0,5 ш. қ.
  • Тұз – бір салым

Дайындау тәсілі:

  1. Айсберг салатын кішкентай жапырақтарға қолмен жұлыңыз.
  2. Өсімдік майын, лимон мен апельсин шырындарын араластырыңыз, жарты шай қасық бал, тұтас дәнді қыша мен бір салым тұзды қосыңыз. Біркелкі массаға дейін араластырыңыз.
  3. Қияр, апельсин және авокадоны орташа кесектерге тураңыз да, лимон шырынын құйыңыз.
  4. Моцарелла түйіршіктерін 2 немесе 4 бөлікке бөліңіз.
  5. Айсберг салатын, көкөністерді, жемістер мен ірімшікті араластырыңыз.
  6. Дастарханға ұсынар алдында тұздықты қосыңыз.

Қызыл балық қосылған қияр ролдары

Мерекелерден кейін қалпыңызға тез оралуға арналған жеңіл рецепттер

Бұл әшейін ролдар емес, бұл нағыз супердәмді және пайдалы ролдар.

Ингредиенттер:

  • Қияр – 1 дана
  • Кілегейлі ірімшік (филадельфия) – 120 г
  • Тұздалған арқан балық – 120 г
  • Аскөк – 1 ас қ.
  • Күнжіт –1 ш.қ., толтырмай салыңыз

Дайындау тәсілі:

  1. Көкөніс тазартқышының көмегімен қиярды ұзыннан әрі жұқа етіп тураңыз. Қағаз орамалдың үсітне қоя тұрыңыз, сонда артық сұйықтықты алып тастайсыз.
  2. Қызыл балықты ұсақтап тураңыз.
  3. Сүзбе ірімшігін, туралған арқан балық пен ұсақталған аскөкті біркелкі масса пайда болғанға дейін араластырыңыз.
  4. Қияр жолақтарын әркелкі етіп, үсті-үстіне қойып шығыңыз, қалыңдығы шамамен 1 см болуы керек.
  5. Салманы қияр жолақтарының бетіне біркелкі етіп жағып шығыңыз да, барлығын бір ролға айналдырыңыз.
  6. Ұсынар алдында ролды кесіңіз.

Пергаментті қайықшалардағы көкөніс қосылған нәлім

Мерекелерден кейін қалпыңызға тез оралуға арналған жеңіл рецепттер

Нәлім ақуыз бен микроэлементтерге бай балық, сонымен бірге ол тұмшапештің ішінде небәрі 25 минуттың ішінде дайын болып шығады.

Ингредиенттер:

  • нәлім сүбесі – 700 г
  • лимон – 0,5 дана
  • қызанақ – 1 дана
  • болгар бұрышы – 0,5 дана
  • жасаң жалбыз – 2 бұтақша
  • балғын жебіршөп – 2 бұтақша
  • тұз – қалауыңыз бойынша
  • бұрыш – қалауыңыз бойынша
  • зәйтүн майы – қалауыңыз бойынша
  • балыққа арналған тұздық – қалауыңыз бойынша

Дайындау тәсілі:

  1. Қызанақ пен бұрышты шеңбер тәрізді жұқа тілімдерге тураңыз.
  2. Нәлім сүбесіне тұз, бұрыш және кез келген дәмдеуіштерді жағыңыз.
  3. Үлкен 2 пергамент қағазын дайындап қойыңыз, оларды қайықшалар түрінде бүктеңіз.
  4. Әрбір қайықшаның ішіне жалбыз бен жебіршөп бұтақшаларын салыңыз да, кейін балықты қойыңыз.
  5. Оның үстіне лимон, бұрыш және қызанақ тілімдерін салыңыз да, азғантай зәйтүн майын құйыңыз.
  6. Пергаменттің шеттерін аспаздық жіппен бекітіңіз.
  7. Балықты 25 минут 180°C дейін қыздырылған тұмшапештің ішінде пісіріңіз.
Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]