Лайқос жобасы туралы - Салауатты өмір салты туралы ақпараттың қайнар көзі
Жоба туралы

ЛАЙҚОС:ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІККЕ АПАРАР ЖӨНСІЛТЕРІҢ!

«ЛАЙҚОС» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Лайқос – бұл сіздің өміріңізді жақсарту үшін кеңестерін ұсынатын салауатты өмір салты мен өзін-өзі жетілдіру туралы лайфстайл-медиа.

  • Laikos.kz – жобаның сайты.
  • Сайттың бас редакторы – Екатерина Алиева.

БІЗ НЕ ТУРАЛЫ ЖАЗАМЫЗ

Лайқос денсаулыққа қамқорлық танытудың маңыздылығын насихаттайды және өмір сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды береді. Жалпы:

  • Әрбір мақаламызда біз нағыз ұсақ-түйектерден бастап өміріңізді қалай өзгертуге болатыны туралы практикалық ұсыныстарды береміз.
  • Мақалаларымызда сараптамалық деректер мен ғылыми тұрғыдан негізделген ақпаратты қолданамыз. Бұл оқырмандарымызға тексерілген фактілер мен денсаулық саласындағы мамандардың ұсыныстарына негізделген саналы шешімдерді қабылдауға көмегін тигізеді.

КІМ ҮШІН ЖАЗАМЫЗ

Өз өмірін жақсартқысы келетіндер үшін.

  • Біздің оқырманымыз — бұл фитнес, дұрыс тамақтану және психикалық саулыққа белсенді қызығушылық танытатын ынтагерлер, әрі олар денсаулығын сақтау үшін ғылыми тұрғыдан негізделген кеңестер мен практикалық ұсыныстарды іздейді.
  • Сондай-ақ біз жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікке ұмтылатын жұмысбасты кәсіпқой мамандарға арнап жазамыз. Олар күйзеліс деңгейін төмендетуді, өнімділікті арттыруды қалайды және қарапайым әрі қолжетімді ұсыныстарды қажет етеді.
  • Сонымен бірге Зияны Төмендеу атынан “Денсаулық” айдарының қастерлеушілері де назарсыз қалмайды. Біз оларға арнап зерттеулерімізге медициналық қауымдастықтың өкілдерін тарта отырып, көптеген сараптамалық контентті шығаруды жалғастырамыз.
Екатерина Алиева
Лайқостарыңызды қойып, ыңғайлы жайғасып алыңыздар: айтатын әңгімеміз бар. Біз ағза үшін зиянды төмендету туралы әңгімелеп келдік және бұл туралы әрдайым айтатын да боламыз – сұрақтар өзекті, әрі әлдеқайда салауатты өмірді бастауға көмектесуге деген ұмтылысымыз да қала бермек. Дегенмен өзге де қызықты тақырыптар баршылық: мансап жолында тайып кетпеудің амалдары, дүбірлі жұмыс аптасынан кейін қай жерде демалуға болады, нені тамашалаймыз және қайда бара аламыз. Командамыз пайдалы дүниемен бөлісуді қалайды: мұнда рецепттер мен кеңестер, кітаптар мен фильмдер, дәрігерлерге қойылатын сұрақтар мен аздап психология да болмақ. Қысқасы, өмірді жеңілдетуге және қызықты етуге мүмкіндік беретін нәрселердің барлығы осында. Лайқос.кз сайтына қош келдіңіздер!
Екатерина Алиева Бас редакторы

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРІМІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

Сұрақтар мен ұсыныстарға арналған поштамыз – hello@laikos.kz. Сондай-ақ Instagram, Facebook парақшалары, Telegram және YouTube арналарымыз да бар, бұл жерде біз жаңалықтар, зерттеулер, нұсқамалар, бейнежазбаларды жариялаймыз және оқырмандарымызбен араласамыз.

Командаға қосылу

Бізбен бірге өз өмірі мен өзгелердің өмірін жақсартқысы келетін адамдарды іздейміз. Егер сізде қандай да бір материал, кейіпкер, жаңалықтың идеясы бар болса, не болмаса авторларымыздың бірі болғыңыз келсе, пошта арқылы байланысқа шығуыңызды өтінеміз:
hello@laikos.kz

ӘРІПТЕСТІК

Біз бизнес туралы тарихыңызды айтып беруге немесе міндеттеріңізге орайластырып арнайы жобаны жасауға көмектесе аламыз. Егжей-тегжейлі жайттарды нақтылау және қосымша ақпаратты алу мақсатында мына поштаға жазуыңызды сұраймыз:
hello@laikos.kz

Прайс-листті жүктеп алу

РЕДАКЦИЯҒА СҰРАҚ ҚОЮ НЕМЕСЕ ТАҚЫРЫПТЫ ҰСЫНУ