Дамыған елдер темекі тартуға қарсы түтінсіз баламалардың көмегімен қалай күресіп келеді - Лайқос

Дамыған елдер темекі тартуға қарсы түтінсіз баламалардың көмегімен қалай күресіп келеді

Профессор және тәуелділіктерді зерттеу саласының сарапшысы Карл Фагерстрем Harm Reduction Journal басылымында өзінің мақаласын жариялаған. Бұл жерде ол темекі тартудың балама нұсқаларын кеңінен қолданатын елдердің классикалық темекіні тұтынудың айтарлықтай төмен деңгейіне қалайша қол жеткізе алғандары туралы әңгімелейді. Осы елдердің бұл жетістікке қалай жеткендерін түсініп көрейік.

Жаңа Зеландия және Аустралия

Бұл елдерде темекі тартуға қарсы күрес жүргізудің дәстүрлі шаралары қолданылып келеді: жоғары акциздік салықтар, сауда орындарында темекіні ашық шығарып қойып сатуға тыйым салу. Алайда Жаңа Зеландияда күнделікті темекі тарту деңгейі әлдеқайда тезірек төмендеп келеді — 9,4%, ал Аустралияда бұл көрсеткіш 10,3% тең.

Мұның себебі аралдардың үкіметі темекі шегуден бас тарту үшін вейптердің таралуына қолдау көрсетіп отырғанында болар: Жаңа Зеландияда халықтың 6,2%-ы электронды темекіні күн сайын қолданады екен, ал Аустралияда бұл көрсеткіш небәрі 1,1% құрап отыр.

Швеция

Бір қызығы, көптеген дамыған елдерде снюстің (шайналатын темекі) сатылымына тыйым салынған. Дегенмен швед тәжірибесі көрсеткендей, оның қолжетімдігі мен кеңінен қолданылуы темекі тартудың рекордтық төмен таралымына септігін тигізеді екен. 2021 жылы елдегі 16-84 жас аралығындағы адамдар арасында темекі тартудың таралғандығы 10% сәл төменірек көрсеткішті құраған еді.

Темекі тартудың орнына снюсты қолдануға ауысу секілді жағдай Норвегияда да болған. Екі ел де темекі тартуды азайту деңгейі бойынша снюске тыйым салынған – Дания мен Финляндия сияқты көршілерінен әлдеқайда алға озып кеткен.

Жапония

Жапония елінде темекіні қыздыруға арналған жүйелер дәстүрлі темекі тартудың орнын айтарлықтай белсенді алмастырып келеді. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта ересектер арасындағы темекі тартудың таралғандығы 18,3%-дан 13,1%-ға дейін төмендеген.

Бір қызығы, Жапонияда ересек адамдардың арасындағы темекі тарту таралғандығының деңгейі, тіпті, Аустралиядан да (14,7%) төмен екен, ал соңғы елде темекіге қарсы саясат әлдеқайда қатаң болып саналады.

Қорытынды

Дамыған елдердегі темекі тартудың таралу деңгейінің төмендеуінің бір себебі ретінде жас буынның кәдімгі темекіден түтін шығармайтын балама нұсқаларға көшуді белсенді қолдайтыны секілді факторымен байланысты. Егер қазіргі үрдіс сақталса, бір-екі ұрпақтан кейін аталмыш жаман әдеттің, тіпті, жойылып кетуі де әбден мүмкін деп санайды Жаңа Зеландия зерттеушілері.

Бір өкініштісі, әзірше никотиндік өнімдер ішіндегі балама нұсқалардың ешқайсысы да темекі тарту бойынша деңгейді де, әрі оның кесірінен пайда болатын аурулар санын да айтарықтай төмендете алмайды. Алайда егер зиянды азайту мүмкін болып жатса, алмастыру нұсқаларын қарастырған абзал.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]