Топ-8 жаман әдет: олардың ерлер денсаулығына әсері қандай? - Лайқос

Топ-8 жаман әдет: олардың ерлер денсаулығына әсері қандай?

Жаман әдеттер туралы сөз қозғалғанда көпшілік бірден темекі тарту мен алкоголь жайында ойлайды. Алайда зиянды әдеттер көп, ал олардың кейбіреулері турасында сіз, тіпті, білмеген де шығарсыз. Дәрігер уролог-андролог Бибігүл Исмағұлова тағы қандай әдеттердің денсаулыққа зиян келтіретінін айтып береді.

Тікелей ер адамдардың денсаулығымен айналысатын дәрігер ретінде сіздермен бірге ерлердің ағзасында патологиялық үдерістерді іске қосатын жаман әдеттердің топ-8 тізімін талқылауды жөн көрдім.

Темекі тарту. Шылым шегудің зияны турасында сан мәрте айтылған еді, дегенмен тағы да айтып өтейін. Темекі тарту жүрек-қан тамырлары жүйесіне нұқсан келтіреді де, жүрек жұмысын нашарлатады және тамырларды бітеп тастайды. Ал бұл, өз кезегінде, бедеулік пен қозулық дисфункцияға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сонымен бірге ер адам неғұрлым ұзақ және көп темекі тартса, мұның салдары соғұрлым қайтарымсыз болмақ. Шылым шегу жас кезіндегі дисфункцияның ең ықтимал себептерінің бірі болып келеді, әрі бұл оның даму қаупін 85% арттыра түседі. Сонымен қатар осы әдетпен шәует сапасы мен бедеулікті емдеу тиімділігінің төмендеуін байланыстырады.

Сондықтан мұндағы ең бір жақсы шешім – темекі шегуден біржолата бас тарту. Алайда егер сіз үшін бұл әзірше мүмкін болмаса, сіз денсаулыққа деген қауіпті түтін шығармайтын балама нұсқалардың көмегімен төмендете аласыз. Темекіні қыздыруға арналған жүйелер темекіні жақпайды және кәдімгі шылымға қарағанда зиянды заттектерді 95% азырақ бөледі.

Алкоголь. Ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну гормоналды фонның бұзылуына (мәселен, тестостерон – осы гармонның азаюы либидоның төмендеуіне, эрекцияның бұзылуы және т.с.с. жайттарға әкеліп соқтырады), жүрек, бауыр, ми, сонымен бірге ер адамның бүкіл жыныстық жүйесінің бұзылуына апарады. Мен ішімдіктің мөлшерін азайтуға кеңес берер едім. Күнде сыра, арақ және басқа да күштілігі жоғары болып келетін сусындардың орнына кейде жақсы шараптың бір-екі бокалын ішкен дұрыс.

Есірткі. Бүгінде «шөп» пен «есірткі егудің» орнына жастардың өміріне алуан түрлі синтетикалық есірткі – «спайс», «тұз» және басқа да түрлері келіп отыр. Неліктен олар кеңінен таралған? Өйткені оларды жеңіл есірткі ретінде ұсынады – осылайша адамдар өздерін де, жақындарын да бұл жай ғана еркелік қой деп жаңылыстырады. Дегенмен осының барлығы да із-түссіз өтпейтіні хақ. Есірткі әрқашан эрекцияның механизмі мен жыныстық қатынастардан ләззат алу сезіміне әсер ететін қиыншылықтарға әкеліп соқтырады: ОЖЖ зақымдануы немесе жыныс мүшелері аймағындағы тіндердің сезімталдығына байланысты оргазмға қол жеткізе алмаушылық, бақылаудың бұзылуына қатысты шәуеттің шығарылуы мерзімінен бұрын, кешіктірілген немесе мүлдем болмауы да кездеседі. Есіңізде болсын: есірткі – бұл нағыз зұлымдық. Оны ешқашанда тұтынудың қажеті жоқ.

Қорғалмаған жыныстық қатынас. Контрацепциясыз жыныстық қатынас, не болмаса «әй ештеңе болмас» дегенге үміттену. Жоқ, бұл дұрыс емес. Адамдардың көбі еркүйекті қалаусыз жүктіліктен қорғанудың әдісі ретінде ғана қарастырады. Әрі жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (гонорея, трихомониаз, хламидиоз, гепатит, АИТВ және т.б.) туралы ойланатындар кемде-кем. Өзі туралы жарияға жар салып, манифест іспетті өтетін инфекциялар болады. Ал кейде сіз инфекция туралы кездейсоқ білуіңіз де бек мүмкін, бұл тұста сіз жұқтырып алған адам ғана емес, сондай-ақ індет таратушы екеніңізді анықтауыңыз ықтимал. Егер қорғалмаған жыныстық қатынас болса, әрбір жарты жыл сайын уролог маманының қабылдауына барып, тексеруден өтуңізге кеңес беремін. Талдауларды тұрақты түрде тапсырып отыру – денсаулығыңызға деген әрдайым нағыз қамқорлық болып келеді.

Қимыл-қозғалысы аз өмір салты. Менің қабылдауыма келесі бір сұрақты қою үшін келетін жас адамдар жиі кездеседі: «Неліктен мен бұрын осыны бір түнде 2–3 рет істей алатынмын, ал қазір әрең дегенде бір рет қана істеймін?» Сонымен бірге емделуші өзі жас болса да, денесінің хал-күйі мүлдем жас емес. Барлығында дерлік бір ғана себеп – қимыл-қозғалысы аз өмір салты. Бәріміздің де шаруаларымыз жетерлік, баршамызда уақыт тапшы: кеңсе қызметкерлері, жаяу тек пәтердің ішінде ғана жүремін, ал жаттығу залы мен дене шынықтыруға тіптен уақыт жоқ. Нәтижесінде – артық салмақ қосу, тестостеронның төмендеуі, кіші жамбастағы «іркілістер». Осының барлығы да эрекцияның бұзылуына әкеліп соқтырады. Аз қимылдасаң, көп нәрсеге шамаң келмейді. Ал кейінірек тіптен ештеңе де істей алмайсыз.

Егер сіз ойынқұмар немесе ғаламторға тәуелді адам болсаңыз, онда бұл да әрдайым қимыл-қозғалысы аз өмір салты, физикалық белсенділіктің төмендігі дегенді білдіреді, яғни, бұл ішкіағзалық майдың жиналуына, хал-жайдың нашарлауына, гипертонияға, еркектік қауқардың төмендеуіне, жүйкенің өзгеріске ұшырауы мен соматикалық бұзылыстарға апарады.

Мұндай жағдайда берілетін басты кеңес – кем дегенде, ДДСҰ ұсынатын күнделікті қадамдар нормасын орындаңыз – күніне 10 мың қадам. Егер бұл сіз үшін көп болса, онда күніне 15-30 минутқа серуендеуге шығып тұрғаныңыз абзал.

Шылым шегу эрекцияның бұзылуына әкеп соқтыра ма?
Андролог дәрігер Бибігүл Ысмағұлова әңгімелейді Қазақстанда белсенді темекі тартатын 10 ер адамның 8-і эрекцияға байланысты…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha/kak-mozhno-dokuritsya-do-narusheniya-erekcii/

Дұрыс тамақтанбау. Дәмді – пайдалы деген сөз емес. Бұл диетологтар мен гастроэнтерологтардың «сүйікті» тақырыбы болып саналады. Мен тек мына бір жайтты қосқым келіп отыр: фастфудтар мен газдалған сусындардың дәуірі жақын арада аяқтала қоймайды. Асығып-аптығып жүргенде жүрек жалғау, өте майлы, ащы, қуырылған тағамдарды шамадан тыс тұтыну – мұның бәрі де әрқайсымызға белгілі атеросклероз секілді күйге апарады. Дегенмен барлығымыз бірдей атеросклероздың салдары жайында біле бермейміз, ал оның бірі – қозулық дисфункция болып саналады. Шамадан тыс тамақтанбау үшін өзіңіз үшін ас қабылдау тәртібін жасап қойыңыз. Бұл артық әлденіп алудан аулақ болуға көмектеседі. Зиянды өнімдердің тізімін жазып алыңыз да, оларды азырақ тұтынуға тырысқаныңыз жөн.

Қызыну. Суықтан гөрі ыстық жақсы. Бұл сауналар, моншалар, бу бөлмелеріне жиірек барудың бір нұсқаулығы іспетті. Алайда бұл жас ер адамдарға, соның ішінде ұрықтандыруды жоспарлап отырған ерлерге қатысты айтылмаған. Бұл ұмадағы температураның Цельсий шкаласы бойынша 34,5-35 градусқа жететінімен түсіндіріледі. Ал баршамыз білетіндей, шәует жасушасы аталық ұрық безінде түзіледі. Ал егер осы аймақты ұдайы қатты қыздырып жүрсеңіз, бұл шәует жасушалары санының азаюы мен олардың қозғалмалылығының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Бұл көлік ішіндегі орынды жылытуды шамадан тыс пайдалануға да қатысты болып отыр. Бұдан гөрі жылытудан бас тартып, өзіңіздің орташа температураға үйренгеніңіз дұрыс.

Тар іш киімді кию. «Еһ, мына боксерлер керемет жарасатын сияқты!» – көптеген қыздар өздерінің жігіттеріне тар іш киім сатып аларда осылай деп ойлайтын көрінеді. Осы тұста олар басты қауіптердің бірі термореттелуінің бұзылуында жатқандығын біле бермейді (сперматогенез үшін оңтайлы температура – 34,5–35 градус екендігін ұмытпаған абзал). Бұл тура қызынудағы әсер секілді. Сондықтан, қымбатты ер адамдар, баяғы өзіңіздің отбасылық келтедамбалыңызды шығара беріңіздер – сонда жыныс мүшелеріңіз риза болатыны сөзсіз. Әрі бұл қалжың емес.

Жоғарыда тізіп өткен нәрселердің барлығы да, бір қарағанда, біз, тіпті, бұл жаман әдет қой деп ойламайтын, күнделікті жасап отыратын әрекеттеріміз. Заманауи әлем көптеген қызықты заттарға тола, әрі әдеттер тұңғиығына түсіп кетіп, мұның тәуелділік пен ауруға айналып бара жатқанын байқамай қалуға да болады.

Қымбатты ер адамдар, кейде өмірдің барлығы да алда, ал сіз сондай мықтысыз, бәріне үлгеріп, қолыңыздан барлығы да келетіндей болып көрінетін сияқты. Дегенмен кей кездері жаман әдеттердің ықпалымен осы уақыт зымырап өткендей болады. Қандай да бір тәуелділіктің пайда болғанын түсінсеңіз, кәсіпқой көмекке жүгінуден қымсынбаңыздар.

Как вы оцените статью?
[Total: 2 Average: 3]