Шылымқұмарлар пайызы төмен елдер: темекі түтінінен қайда қашамыз? - Лайқос

Шылымды ең аз шегетін жер: темекі түтінінен қай елге көшіп құтылсақ болады?

2024 жылдың басында ДДСҰ хабарлағандай, қазіргі уақытта 2022 жылмен салыстырғанда темекі тартатын адамдардың саны 19 млн-ға азырақ болып отыр. Әлем бойынша қанша адам шылым шегеді? 2022 жылғы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде 1,2 млрд адам темекі тартқан болатын. Шылымқұмарлар пайызы темекінің жарнамасына тыйым салудан бастап, салауатты өмір салтына деген бүкіләлемдік трендке дейінгі көптеген себептерге байланысты тұрақты түрде төмендеп келеді. Алайда қазірдің өзінде, яғни, темекі ең аз шегілетін кезеңде де, оның түтінінен құтылу оңайға соғып отырған жоқ.

Әрі-сәрі

«Шылымқұмарлар» рейтингісінде Қазақстан 66-шы орында тұр – мұнда ересектердің шамамен 21% темекі тартады. Темекі тартатын адамдардың арасында ерлер әлдеқайда көп кездеседі – қазақстандық азаматтардың 38% шылым шегеді, ал қазақстандық азаматшалар арасында темекі тартатындардың үлесі, тіпті, 7%-ға да жетпей отыр. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, егер 2013 жылы Қазақстанда темекі, папирос және басқа да темекі өнімдерінің 25,7 млрд данасы өнідірілсе (темекі орамаларының санына аударғанда – шамамен 1,3 млрд), 2018 жылы – 18,1 млрд дана (900 млн темекі орамасы) шығарылған. Басқаша айтқанда, соңғы бес жылдың ішінде темекі өндірісінің көлемі бір жарым есеге жуық қысқарған. Демек темекі тартатын адамдардың саны да шамамен осыншаға азайған. Қалай болғанда да, осыған сенгіміз келеді.

Тізімнің көшбасшылары

Немесе, нақтырақ айтқанда, «көшбасшылар» – өйткені бұл жеңіске жеткенде жағымды бір әсер сыйлайтын рейтинг емес екені белгілі. Дегенмен Қазақстан үшін мұндай сандарға жету қайда? Науру, Мьянма және Папуа – Жаңа Гвинея ең жоғары пайыздарды көрсетіп отыр: сәйкесінше 49,5, 43,9 және 40,4%. Мұны осы елдердегі халық санының аздығымен түсіндіруге болады – тек Науру елінде ғана небәрі 11 мыңға жуық адам тұрады екен. Алайда дәл осы жайт аталмыш сандарды соншалықты қорқынышты да етіп отыр. Өйткені бұл Науруда әрбір үшінші дерлік ересек адам темекі тартады дегенді білдіреді.

Нағыз жеңімпаздар

Темекі тартушылар рейтингісінің соңғы орындарына Нигерия, Гана, Эфиопия, Панама және Уганда елдері ие, мұндағы көрсеткіштер 2,9 бастап 5,3% дейін жетіп отыр. Дегенмен Орталық Азия да алтыншы нөмірдегі Түрікменстанның арқасында ондыққа енген, бұл жерде шылым шегетіндердің саны 5,4% құрайды. Әрине, осының барлығы да темекі бұйымдарының сатылымын шектеу немесе сәтті шыққан заңдардың арқасы деп айтуға болмайды, мәселен, Нигерияда адамдардың көбінесе темекі сатып алуға мүмкіндігі жоқ, алайда олар шылымның орнына есірткілік қасиеттері бар кат деген жергілікті өсімдікті шайнайды екен.

Еуропа мінсіз емес

Жалпы еуропалық елдердегі темекі тартатын адамдардың саны айтарлықтай жоғары деңгейде қалып отыр. ДДСҰ есептеуінше, 2030 жылға қарай нақ осы Еуропа елдері темекі бұйымдарын тұтыну бойынша бірінші орындарға шығады. Көбінесе темекі тарту деңгейінің өсімі еуропалық әйелдердің есебінен артып келеді: Сербия, Хорватия және Францияда олардың саны әдетте анағұрлым жиірек шылым шегетін ер адамдардың санына жетті деуге болады.

Тізімге барлығы кірмеген

Шылым шегетін адамдар деп әдетте темекі тартатындарды меңзейді: сигарет, сигарилла, орама темекі, темекі салынған мүштік және қорқор. Электронды темекі мен темекіні қыздыруға арналған жүйелер бұл тізімге кірмейді. Неліктен? Өйткені олардың құрамы жоғарыда аталған бұйымдардың құрамынан ерекшеленеді. Вейптердің құрамында көбінесе темекі мүлдем кездеспейді, мұнда тек адамдардың сол әдеттенуін тудыратын никотин ғана бар. Ал темекіні қыздыруға арналған жүйелер темекіні 250–300 градус температураға дейін қыздырады (салыстырмалы түрде: темекі 600 градус шамасында жанады). Соның нәтижесінде аэрозоль түзіледі, темекі түтінімен салыстырсақ, оның құрамында зиянды заттектер 95%-ға азырақ болып келеді. Сонымен бірге көптеген елдерде олар дәстүрлі темекі тартудың тікелей балама нұсқасы болып саналады. Әрі бұл жалпы іске асатын тәсіл – себебі, ала салып темекіден біржолата бас тарту кез келген адамның қолынан келе бермейтіні хақ. Ал темекінің орнына анағұрлым зияны төменірек баламаны таңдау арқылы денсаулық үшін зиянды төмендете түсу – дұрыс бағыттағы қадам.

Дәрігер-пульмонолог және торакалды хирург Бекдәулет Әкімниязованың айтуынша, бүгінгі таңда Алматының кейбір клиникаларында, мәселен, ашық есік күні, денсаулық мектебі деген секілді түсініктер баршылық, бұл жерде темекі тартудың зияны турасында халықпен үлкен жұмыс жүргізіліп келеді. Кез келген адам өзінің тұрғылықты орны бойынша емханаға, не болмаса ауруханаға барып, темекі тарту жайындағы барлық ақпаратты ала алады.

«Дүниежүзілік ұйымдар тарапынан да, сонымен бірге мемлекет тарапынан да, халықтың денсаулығын сақтау, әрі нығайту мақсатында шаралар қолға алынып, сондай-ақ экономикалық жағынан қомақты қаражат салынып жатыр. Темекі тарту бойынша қандай да бір «өтілі» бар шылымқұмарды алайық. Емделушілерді қабылдау кезінде мен адамның темекі тартудың зияны туралы барлық ақпаратты біле тұра, сонымен бірге, тіпті, шылым шегудің салдарына қатысты тәжірибесі барлар да, темекі тартуды жалғастыра беретін жағдайларға жиі тап боламын. Мұндай жағдаяттарда психологиялық көмекті қосу керек, себептерін анықтау қажет, яғни, адамды осы бір әдетке қайта-қайта оралуға не итермелеп отыр. Дегенмен бұл мүлдем басқа хикая», – деп бөлісті Әкімениязова.

«Қазақстанда темекі тартуға қарсы жүргізіліп отырған күрестің арқасында қазірде 2007 жылмен салыстырғанда шылымқұмарлардың саны жыл сайын 0,5%-ға төмендеп келеді. Ал темекі тартудың 1%-ға төмендеудің өзі миокард инфарктісі салдарынан болатын 2 мың өлімнің алдын ала алады. Алайда тәжірибеге сүйенсек, көшеде, өзгелермен араласу барысында шылымқұмарлардың саны, керісінше, өспесе, өзгеріссіз екенін байқап келеміз. Елімізде мынадай бір пікір баршылық, Қазақстандағы темекі тартуға қарсы күрес тиімді емес, өйткені қолданыстағы шаралар тек шектеу және қаржылық тұрғыдан айыппұлдар салу сипатына ғана ие», – деп атап өтті пульмонолог.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]