Тортсыз жетондармен: құмарлықтармен қалайша күресуге болады
Қазақстанда халықтың жартысынан көбі алкогольді жүйелі түрде тұтынады, ал төрттен бірі – темекі шегеді. Нарколог-дәрігер Сағат Алтынбеков осы әдеттерден келетін зиянды қалай төмендетуге болатынын айтып берді.
Әдет еріктен басым келгенде құмарлық пайда болады, бұл жағдайда адам әр тамақтанудан кейін алколгольден я тәттіден бас тарта алмайды. Статистикаға сәйкес, әрбір оныншыадам қандай да болса түрде құмарлықтан зардап шегеді. Құмарлықтардан қалай арылуға болатыны туралы С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ профессоры, «Психикалық денсаулық сақтау саласында істейтін мамандар қауымдастығы» РҚБ президенті нарколог-дәрігер Сағат Алтынбеков әңгімелеп берді.
Құмарлықтар қалай пайда болады?
Алғашқы рет құмарлықтығ зертханалық егеуқұйрықтардың миынан 1953 жылы тапты, алайда адам миының да жұмысы осыған ұқсас. Құмарлықтың тамырында жатқан мидағы процестердің бұзылуы. Біздің миімыз нақты ынталандырушыдан марапат алу мүмкіндігін байқағанда, ол дофамин гормонын шығара бастайды. Дофамин мидың басқа құрылымдарына осы марапатқа назар аударып, оны дәл осы сәтте алуға бұйрық бергенде, ми бәріне дайын тұрады.Т Құмарлық деген осы. Яғни, біз күнделікті кәмпит жейтін болсақ, миымыз осы тәттіге үйреніп кетеді, ал бұл әдеттен бас тарту уақыт өте қиындап кетеді.
Мұның ең жағымсыз жағы – ынталандырушы неғұрлым күшті болса, соғұрлым әсерлі болып келетінінде. Кәмпитті алатын болсақ, бұдан біздің әмиянымыз бен тісіміз зардап шегеді, алайда алкоголь мен есірткіден осындай құмарлық адамды өлтіреді.
Құмарлықтармен қалайша күресуге болады?
Ең алдымен мидағы бұзылған байланыстарды жаңаша жұмыс істеуге бағыттау керек. Мұндағы ең жемісті әдістердің бірі «жетон жүйесі» деп аталатын әдіспен байланысты. Мұнда емдеу курсын тиімді өтіп жатқан пациенттер лотереяны елестетін марапаттау жүйесіне қатысты. Алайда жағдайлардың жартысында жүлденің орнына қағазға жай «осы бағытыңнан қайтпа» деп жазылған. Стандартты емдеу қабылдап жатқандарға қарағанда, 83% пациенттердің емделу уақыты ұзақтау болған. Емдеу курсы біткен соң жеребе тартқан топтың, стандартты жағдайда болған пациенттерге қарағанда, қайта салынып кету тәуекелі әлдеқайда төмен болды. Яғни, құмарлықтан арылтатын дұрыс бағыт берген маңызды. Құмарды ынталандырған, оған осы емдеу өзіне істеген жақсылығы екенін ескертіп тұру маңызды. Бұл, әсіресе досы немесе туысы маскүнемдіктен зардап шегіп жүргендер үшін маңызды, алайда мұны өмірдің басқа да салаларында қолдануға болады. Мысалы, баланы тамақтың орнына тәтті жейтін әдетінен арылтқыңыз келсе.
Қанттың несі жаман? Тәттіге құмарлықты қалай тоқтатса болады?
Тәтті жегіш болу – құмарлықтар арасындағы ең зиянсыз түрлерінің бірі, бірақ осылай бола тұра, қант пен тәтті тағамдар ағзаға зиянды. Қантты асыра тұтыну жүрек-тамыр ауруларын, диабет және рактың кейбір түрлерін шақыру қауіпін тұдырады. Тәтті жеуге қарсы күреске ынталандыруды алмастыру арқылы кірісуге болады.
Ынталандыруды тәтті жоқ ортада болғанда алмастырған маңызды. Шоколад сатып алмау туралы үзілді-кесілді шешім қабылдау, немесе кішкентай ғана тірліктен бастау, мысалы, мереке сайын торт пісірмей-ақ қоюдан бастауға болады.
Осымен қатар, адам денесі қантқа (басқа да кез келген тәтті сияқты ) үйреніп кетудің себебі – ол қуатты болудың ең жылдам көзі болып табылады деген пікір бар. Демек, тәттіні азырақ жеу үшін басқа қуат көзін тапқан маңызды: мысалы, диетаны ағза тәттісіз-ақ жеткілікті калория алатындай етіп теңдестіру.
Ал темекі шегуге қандай амал табуға болады?
Темекіні тастаудың тиімді әдісі болып күніне тартатын сигареттің санын бара-бара төмендету.
Темекі шегетін жерлерге бармауды, мейрамханаларда темекі шекпейтін аумақта отыруды және жұмыста темекі шегетін орындардан аулақ болуды ұсынамын. Сондай-ақ темекіні тастау мақсатын есте сақтап, осыны есіңе салып тұру да маңызды. Мысалы, АҚШ (CDC) Аурулардың алдын алу және бақылау орталықтары темекіні тастауға көмектесетін мобильді қосымшаларды іске қосты.
Әлемде миллиардтан аса адам темекі шегеді. Темекі шегу адамның оннан астам органының қатерлі ісіктеріне, өкпе және жүректің созылмалы ауруларына әкеп соғуы ықтимал. Жыл сайын темекі 6 миллионға жуық адамды жалмап, жарты триллионнан аса долларға экономикалық зиян келтіреді. Демек осының бәрі өте маңызды.
Егер бір мезетте әдеттен құтылу мүмкін болмаса, онда зиянын төмендетуден бастаған жөн – бұл үшін жану процесі бар темекі өнімдерін алып тастау керек. Заманауи түтінсіз электрондық құрылғылардың жану процесі мен темекінің түтіні болмау есебінен оның құрамындағы зиянды заттар 95% -ке аз.
Ал маскүнемдікпен қалайша күрсуге болады?
Алкогольге келсек, жағдай күрделі болып келеді, өйткені оған құмарлық тұтынушыны қант пен сигаретке қарағанда, әлдеқайда тез өлтіреді. Оған қоса, егер үйде маскүнем бар болса, оның әрекетінен бүкіл отбасы зардап шегеді. Яғни мұнда емдеуге жүйелі қарау керек, және мұны негізі үкімет реттеуі тиіс.
Антиалкоголь өндіруші компаниялар мен «құрғақ» заңдар көбінесе әрекетсіз болғандықтан, зиянды төмендету қағидатына жүгінген дұрыс. Төмендету – денсаулық сақтаудағы назар халық арасында зиянды төмендетуге бағытталған, мұнда бұл адамдарды қалыптасқан әдеттерін өзгертуге мәжбүрлемейтін тұрғы. Яғни «құрғақ заңдар» ішімдікті мүлде тартып алатын болды, ал зиянды төмендету қағидаты ішімдіктен бас тартуға шақырғанмен, адамдарды шектемей, зияны туралы ағарту ісін жүргізеді және қоғамның өмір салтын өзгертуді ұсынады: мысалы, күшті ішімдіктерді градусы төмен сырамен және шараппен алмастыру.
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау және клиникалық шеберлік институты (NICE) мен АҚШ Профилактикалық қызметтер бойынша нысаналы тобы скрининг пен шамалы араласу халықтың бастапқы тобы арасында алкоголь тұтынудың айтарлықтай төмендеуіне алып келетінін көрсетті. Сондықтан маскүнемдік (және темекі шеккендей) – оны тұтынатындар ғана емес, бүкіл қоғам болып шешетін проблема. Яғни өз журналдарыңызда айналысып жатқанға ішінара ұқсайды.