Секске арналған қосымшалар: жыныстық өмірді жақсартуға арналған платформалар - Лайқос

Жыныстық өмірді түрлендірудің жолы: 10 үздік секс-қосымша

Смартфондар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны қашан: олар сатып алған заттарымыз үшін төлеуге, такси шақыртуға, пиццаға тапсырыс беруге, жаңа қалада адасып қалмауға көмектеседі. Әлеуметтік желілер, фильмдер, кітаптар, жұмыс бабымен қарым-қатынас жасау, білім алу… Сонымен бірге олар жыныстық қатынастарда да көмектесе алады. Әрі бұл тек Тиндер ғана емес. Лайқос қандай секс-қосымшалар интимдік өмір үшін қызықты және пайдалы бола алатындығы туралы айтып береді.

xTracker

Жыныстық қатынас болған күндерді белгілеуге болатын күнтізбе. Толтыруға арналған жолдарда – егжей-тегжейі (аналды, оралды, мастурбация), серіктестің байланыс деректері, қалыптар, ойыншықтар, локация орны жазылады. Және, тіпті, ұмытып қалмас үшін – көңіл-күй де көрсетіледі.

Sexperience

Бұл да шамамен жоғарыдағы қосымшаға ұқсас келеді, дегенмен мұнда геолокация нүктелері бар. Жылдың соңына қарай өзіңіздің сексуалдық оқиғаларыңыздың тұтастай бір картасын құрастыруға болады.

Spicer

Бұл қосымшаны серіктестің екеуі де жүктеп алады – қосымша қалауларыңызды ауызша талқылауға емес, әрқайсысына ұнайтын карточкаларды бағалауға көмектеседі. Лайктар сәйкес келген кезде сіз төсекте қандай нәрселердің серіктесіңіз үшін қабылдарлық екенін білетін боласыз.

Desire

Екеуіне арналған секс-тапсырмалар: серіктестер бір-біріне қарсы шығады. Әрбір тапсыраманы (дүкенге іш киімсіз барып қайту, жұмыстағы дәретханада нюдс түсіріп алу) орындау үшін әртүрлі уақыт беріледі де, ал қолжеткізілген нәтиже үшін ұпайлар қосылады. Бұл жарыста кім жеңіске жетеді? Кімнің идеялары көбірек екен? Құмарға кепілдік берілген, ал сонымен бірге – марапат ретінде жарқын жыныстық қатынас та кепілдендіріледі.

Секс‑фанттар (Секс-Әрекеттер)

Қосымша екі ойынды қамтиды – «Шындық немесе әрекет» және «Эротикалық текшелер». Біріншісінде интерактивті карточкалар қарастырылған, яғни, сіз үшін әрекет алдын ала ойластырылып қойылған. Ал егер барлығынан өтіп болсаңыз, мұндай жағдайға өзіңіздің карточкаларыңызды жасау мүмкіндігі қарастырылған. Ал текшелерге келер болсақ, бұл жерде бәрі бұдан да оңай: біреуінде – дене бөліктері, ал екіншісінде аймалаудың тәсілдері көрсетілген.

Келісім дәуіріндегі жыныстық қатынас: «жоқ», демек «жоқ»
Әйелдерді «ер адамның сезімдеріне» қамқорлық танытуға үйрететін және барлық мәжбүрлеуге келісетін заман өтті. Жыныстық қатынасқа…
https://laikos.kz/kz/qarym-qatynas/seks-or-not/

Sex Tips

Жыныстық қатынастарға арналған кеңестер жиынтығы, әрі олар ең негізгілерінен бастап біршама ерекше келетіндерге дейін ұсынылған. Бұл қиялыңыз жұмыс істемей қалған кезде, әрі миыңызға салмақ түсіргіңіз келмеген жағдайда пайдаға асады.

Love Sparks

Романтикалық қатынастардың симуляторы. Қарым-қатынастар машықтары мен қырындау өнерін барынша шыңдауға көмектеседі, алайда мұндағы өзара әрекеттесу – тек виртуалды кейіпкерлермен ғана болуы мүмкін.

iPassion

Жұптарға арналған секc-ойындар, әрі мұнда көңілді, сонымен бірге елең еткізетін қызықты сұрақтар да кіреді. Бір раундқа жарты сағаттай уақыт беріледі – яғни, қатысушы жауап берудің орнына қандай да бір әрекет жасауды таңдаған жағдайда.

PURE

Тура Тиндер секілді, алайда жыныстық қатынастар үшін серіктес іздеуге арналған қосымша. Дәл солай жұмыс істейді, дегенмен ақылы болып келеді.

Кегель жаттықтырғышы

Жалпы Кегель жаттығулары ер адамдар үшін де, әйелдер үшін де пайдалы болып саналады. Олар жамбас қуысының түбіндегі бұлшықеттерді қатайтады, сезімдерді күшейте отырып, әрі эрекцияға көмектеседі. Бұл қосымшада нұсқаулықтарды, таймерлер мен осының барлығы қалай жұмыс істейтіні турасындағы маңызды ақпаратты табуға болады.

Жыныстық қатынастарға арналған қосымшалар интимдік өмірді жақсартуға арналған көптеген мүмкіндіктерді паш етеді. Олар жұптарға эксперимент жасап көру, қарым-қатынастарын түрлендіру және ләззатқа бөленудің жаңа қырларын табуға көмектеседі. Сіздің тапсырмалары бар ойындарды, анонимді таныстықтарды, не болмаса денсаулық үшін жаттығуларды таңдағаныңызға қарамастан, мұндай секс-қосымшалар өміріңізді анағұрлым жарқын және оқиғаға толы ете түседі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]