Эмоционалды интеллект және темекі шегу: өзара байланыс бар ма?

Эмоционалды интеллекттің жаман әдеттермен байланысы қандай

«Темекі тарту маған басқа адамдармен араласуға көмектеседі», «Темекі шегетін орында ұжымның ең қызықты бөлігі жиналады», «Шылым әңгімедегі үзілістерді толтыруға көмектеседі» – шылымқұмарлардан осындай сөздерді естіген шығарсыз? Сіз білесіз бе? Зерттеулерге сүйенсек, бұл сөздер жаман әдетті ақтап шығу талпынысы ғана емес. Адамдармен араласу және өзіңнің және өзгелердің эмоцияларын түсіну қабілеті темекі тартуға тікелей байланысты болады екен, дәлірек айтқанда – оның эмоционалды интеллектпен өзара байланысына қатысты келеді. Осының барлығын мақаламызда талдаймыз, әрі зиянды төмендетудің жолын біліп аламыз.

Бұл мақала орыс тілінде: Как эмоциональный интеллект связан с вредными привычками

Эмоционалды интеллект – бұл не?

Эмоционалды интеллект – бұл эмоцияларды біліп тану, олардың мағынасын анықтау, эмоциялардағы ақпаратты өңдеу қабілеті. Сондай-ақ алынған ақпаратты тиімді ойлау және шешімдерді қабылдау үшін пайдалану болып келеді.

Бұл темекі тартумен қалайша байланысты болуы мүмкін? Зерттеушілер эмоционалды зиятты денсаулық үшін қауіпті мінез-құлықтан, ең алдымен, шылым шегуден қорғайтын фактор деп санайды. Ал эмоционалды хабардарлық, керісінше, өз эмоцияларыңды түсінуге көмектеседі. Мәселен, егер адамда темекі шегуден біржолата бас тартуға қатысты түйткілдер пайда болса, онда ол денсаулыққа келтірілетін зиянды саналы түрде азайтатын болады. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, мұны хиттерлерге (ескертпе: қыздырылатын темекі) немесе ТҚЖ құралдарына ауысу арқылы жасауға болады, әрі бұл нәтижесінде темекіні тастауға септеседі. Алайда осы тақырып туралы әлі де сөйлесетін боламыз. Ал әзірге эмоционалды интеллектіге оралайық.

Жоғары эмоционалды интеллект өз иелеріне денсаулығына нұқсан келтірмей, өмірдегі жағымсыз оқиғаларға төтеп беруге көмектеседі. Олар өздерінің эмоцияларын жақсы ұғынады, өз көңіл-күйін басқарудың жолын біледі, сонымен бірге жақындарынан эмоционалдық қолдауды алу үшін олармен тиімді өзара қарым-қатынастарды орната алады.

Ал эмоционалды интеллектісі төмен келетін адамдарда стреске қарсы күрес жүргізудің басты стратегиясы – бұл шылым шегу және басқа да жаман әдеттер секілді денсаулыққа қауіпті мінез-құлық.

Алуан түрлі зерттеулердің нәтижесінде анықталғандай, эмоционалды интеллекттің деңгейі неғұрлым төмен болса, темекіні тұтыну да соғұрлым тезірек басталады да, әрі шылым шегудің таралғандығы да жоғары келеді. Эмоционалды интеллекттің қандай компоненттері темекі тарту бейімділігінен қоғайды?

Өзін-өзі ынталандыру

Эмоционалдық интеллекттің өзін-өзі ынталандыру секілді компоненті бірінші орынға шығып тұр. Бұл қабілеттілік өзіңді сырттан болатын ешқандай стимулдар немесе марапаттарсыз іштей ындаталандыру болып келеді. Яғни, адам қандай да бір нәрсені «дұрыс» жасауға деген ішкі қажеттілігін сезінген кезде, әрі сыртқы қысымға көнбеген жағдайда. Нақты осы жағдаятта адам өзінің темекі тартатын құрдастарына еліктеуге тырыспайды. Сонымен бірге жаман әдеттердің арқасында топқа еніп кетуге ұмтылмайды.

Эмоционалды хабардарлық

Жалпы эмоционалды хабардарлық жақсы нәтижені көрсеткен екен. Бұл қабілет өз сезімдеріңізді түсінуге және өз эмоцияларыңызды айта білуді білдіреді. Егер, тіпті, «эмоционалды хабардар» адам шылымқұмарға айналса да, ол өзімен шыншыл болады және нақ осы мезетте темекі шегуден біржолата бас тарта алмайтынын ұғынады. Дегенмен ол денсулығы үшін келтірілетін зиянды да түсіне отырып, сол залалды төмендету бойынша шешім қабылдауға қабілетті.

Эмпатия

Басқа адамдардың эмоцияларын түсіне білудің жақсы деңгейі, өзге адамның жай-күйіне байланысты жанашырлық таныту қабілеті, оған қолдау көрсете білу, яғни, эмпатия да жаман әдеттерге деген бейімділіктен қорғай алатыны анықталды.

Зерттеушілер мұны былай деп түсіндіреді: басқа адамдарды түсіне білу анағұрлым толыққанды қарым-қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді, тұлғааралық қажеттіліктерді қанағаттандыруға септеседі, әрі осылайша өзге адамдардың ортасында өзіңді жайлы сезінуге көмектеседі.

Қарапайым тілмен айтсақ, толыққанды және жағымды қарым-қатынас жасау темекі тарту әдетінің дамуынан қорғай алады.

Сонымен қатар ғалымдар эмоционалды интеллекттің дамуы жаман әдетке деген құмарлықты азайтуға және, тіпті, одан мүлдем арылуға көмектесе алатынына сенімді болып келеді. Оны дамыту үшін психотерапия ұсынылады, дегенмен «өз бетімен жұмыс» үшін де тәсілдер баршылық. Мәселен, «эмоционалды интеллект» терминінің кеңінен таралуына атсалысқан американдық психолог және ғылыми журналист Дэниел Гоулман оны дамытудың үш тәсілін ұсынады:

ішкі диалог: өзіңіздің жағымсыз эмоцияларыңызды қадағалап отыру, әрі «неліктен бұл мені ренжітеді» деген сұрақты қою;

эмпатияны дамыту: басқа адамдардың реакцияларына көңіл бөліңіз және олардың қандай эмоцияларды сезінетінін түсінуге тырысыңыз. Өзіңізді сол адамның орнына қойып, оның эмоциялары мен сезімдерін сезінуге ұмтылыңыз;

позитивті ойлау: өзін-өзі ынталандыруды арттыру және табысқа жету үшін (сонымен бірге жаман әдеттерден бас тарту мақсатында, деп қосар едік біз. – Ред.ескертпесі), позитивті ойлауды бастаңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]