Жасушаның өлместігі: темекідегі не нәрсе қатерлі ісікті қоздырады? - Лайқос

Жасушаның өлместігі: темекідегі не нәрсе қатерлі ісікті қоздырады?

Онколог Анна Комиссаренко әңгімелейді

(Читайте интервью на русском языке здесь)

 

ДСҰ мәліметінше, жыл сайын өкпенің қатерлі ісігінен әлем бойынша 1,8 миллионға жуық адам қайтыс болады. Бұл екі жыныс өкілдері арасында да қатерлі аурулардың салдарынан болатын барлық өлім-жітімнің 17% құрап отыр. Темекі тарту қатерлі ісіктің пайда болуын қоздыра ма? Осы аурудың даму мүмкіндігін қалайша төмендетуге болады? Түтінсіз балама нұсқалар темекінің орнын алмастыра ала ма? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға тәжірибеші онколог Анна Комиссаренко жауап берді.


ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТҚЫСЫ КЕЛМЕЙТІН АДАМДАР НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?

Ерік-жігерінің арқасында ғана осы бір жаман әдетінен шын мәнісінде бас тарта алмай жүрген әрі темекі өнімдерін қолданатын адамдардың айтарлықтай үлкен тобы баршылық. Сондықтан белсенді шылымқұмарлар темекінің орнына балама нұсқа ретінде темекіні қыздыруға арналған жүйелерді қарастыра алады. Олардың қарапайым шылымға қарағанда қаупі мен зияны төменірек болады. Әрине, бұл ешқандай да үндеу емес. Бұл темекі тарту секілді залалды тәуелділіктен салауатты өмір салтына ауысудың жай ғана жолы болып келеді.

 

ТЕМЕКІ ТАРТУ ЖӘНЕ ҚАТЕРЛІ ІСІК – ӨЗАРА БАЙЛАНЫС БАР МА ЖӘНЕ ОЛ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫС?

Шылым тарту темекі тұтынудың неғұрлым зиянды түрі болып саналады. Темекіні тұтыну қатерлі ісіктің даму қаупінің ең маңызды факторларының бірі және өлім-жітімнің шамамен 25% жағдайындағы себебі болып келеді. Жасушалардағы патологиялық өзгерістердің пайда болуы мен қатерлі ісік дамуының негізгі себебі тікелей никотинде емес, нақты жану үдерісі нәтижесінде түзілетін уытты заттектер мен канцерогендерде жатқандығын атап өткен маңызды. Олар өкпенің қатерлі ісігі, ауыз қуысының қатерлі ісігі және өңештің қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады екен. Соның ішінде шамамен он онкологиялық ауруды растап отырған мағлұматтар баршылық, осы аурулардың пайда болуы және дамуының себебі – темекі мен темекі бұйымдарын пайдалану болып келеді. Сонымен бірге айтарлықтай кеңінен таралған, әрі баршаңызға да белгілі пассивті темекі тарту деп аталатын термин бар. Тікелей қауіп темекі мен темекі бұйымдарын қолданатын адамға ғана емес, сондай-ақ оны тұтынған кезде қасындағы адамдарға да төндіріледі. Пассивті шылымқұмарларда да қатерлі ісік ауруларына шалдығу қаупі айтарлықтай жоғары болып келеді. Темекі мен темекі бұйымдарын тұтынатын ер адамдардың жұбайларына төндірілетін қауіп 30%-ға жоғары болатындығын растайтын деректер де бар.

 

ТЕМЕКІ ТАРТУДАН БОЛАТЫН ОБЫРДЫҢ ҚАУПІ НЕДЕ?

Қатерлі ісік – бұл аса күрделі түйткіл, әрі адамзат бұл түйткілмен айтарлықтай ұзақ уақыт бойы күресіп келеді. Бұрыннан бері шылым шегетін адамдар үшін үйреншікті белгілердің бірі – жөтел болып саналады. Сонымен бірге жөтел өкпенің қатерлі ісігін айқындайтын белгілердің бірі болуы да әбден мүмкін. Мұндағы басты мәселе неде екен? Мәселе диагностикадан бөлек, бұл ауруды емдеудің жолы да әжептәуір күрделі екендігінде жатыр. Әрине, бүгінгі таңдағы медицина дамып келеді. Қазіргі кезде патологиялық өзгерген ісік жасушасына тікелей әсер ететін көптеген қызықты кешенді препараттар, таргетті дәрі-дәрмектер ұсынылып отыр. Мұндай емдеу ұзаққа созылып, айтарлықтай қалжырататын ем, әрі оның белгілі бір теріс салдары да болады. Соның ішінде осы дерттен толығымен айығып кету қатерлі ісіктің тек ерте кезеңдерінде ғана мүмкін екендігін айта кеткен жөн. Темекіні ұзақ уақыт тұтыну – сіздің денсаулығыңыздың жанынан айналып өтетін нәрсе емес.

 

Мен сіздерді қатерлі ісіктің даму қаупін төмендете түсуге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерге назар аударуға шақырамын. Егер сіз өзіңіз үшін темекі мен темекі бұйымдарын пайдалануды кенеттен тоқтатуға байланысты белгілі бір физикалық, не болмаса психологиялық мәселенің бар екендігін білсеңіз, онда балама нұсқаны қарастырып көрелік.

 

 

ТЕМЕКІДЕГІ НЕ НӘРСЕ ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ҚОЗДЫРАДЫ?

Темекі тарту барысында никотиннен басқа шамамен 6000 уытты канцерогенді заттектер бөлінеді. Дәл осы заттектер қатерлі ісікті қоздырады. Бұл қалай болады? Бұл едәуір күрделі үдеріс болып келеді. Адам денесінің әрбір жасушасы өзінің тіршілік ету барысының белгілі бір кезеңдеріне ие, сонымен бірге жасушаның өлімі де бағдарламаланған, ол апоптоз деп аталады, бұл біздің қалыпты әрі салауатты өміріміздің тағы да бір бөлігі. Ісік жасушасымен не болады? Ол өмірінің кезеңдерін жалғастыра береді, яғни, ол әрі қарай дамиды және бөлініп отырады. Алайда сол ісік жасушасының апоптозы болмайды. Демек, бұл жасуша негізінен өлместікке бағдарламаланған. Ол өлмейтін жасуша. Яғни, әрбір ісік жасушасы өзіне ұқсас келетін, өлудің табиғи бағдарламасынан айырылған жасушаны өндіріп отырады. Сондықтан ісік жасушасы – бұл табиғат заңдылықтарына кереғар өмір сүретін, әрі шексіз өмірлік циклін жалғастыра отырып, осы жасушалар иесін өмірінен айыратын жасуша болып келеді.

 

ШЫЛЫМ МЕН ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ АРАСЫНДА АЙЫРМАШЫЛЫҚ БАР МА?

Кәдімгі темекіні тартқан кезде құрамында канцерогендер мен уытты заттектері бар түтін түзіледі. Ал жану үдерісін болдырмайтын темекіні қыздыруға арналған жүйелерді қолдану барысында зиян 95%-ға дейін төмендетілген. Сәйкесінше, шылымқұмардың ағзасына деген патологиялық әсер болмайды. Темекіні қыздыруға арналған жүйенің жұмысы кезінде ішке тарту сәтінде температура Цельсий шкаласы бойынша 250-350 градусқа дейін жетеді. Бұл қарапайым темекіні пайдалану кезіндегі жану температурасынан әлдеқайда төменірек, мұндағы ішке тарту сәтіндегі температура Цельсий шкаласы бойынша шамамен 800 градусқа сәйкес келеді. Тиісінше, келесі қорытындыны шығаруға болады: темекіні қыздыруға араналған жүйелерді қолданған кезде пиролиз жүрмейді, әрі аэрозольде, осыған дейін айтқанымдай, зинды заттектердің мөлшері 95%-ға дейін төмендетілген. Сәйкесінше, түтін шығармайтын темекіні қыздыру жүйелерін пайдалану салауатты өмір салтына ауысу кезеңінде никотинге деген қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

 

Анна Комиссаренкомен жүргізілген толық сұхбатты Plus On Youtube-арнасынан тамашалаңыздар, бұл өмірдің қосымша 10 жылға дейінгі уақытты сақтап қалу туралы жоба.

 

 

Аударған: Рита Сәрсенова

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]