Қаназдық дегеніміз не және оны емдеу жолы туралы біле отырыңыз: толық нұсқаулық - Лайқос

Қаназдық: бұл не және онымен күресудің жолдары

Қаназдық – бұл кеңінен таралған ауру, әрі бұл дертке Жер шарындағы халықтың үштен бір бөлігі шалдыққан. Көбіне-көп бұл ауру жеңіл формада немесе, тіпті, байқалмай да өтеді. Осы мақалада біз қаназдық несімен қауіпті екенін, жалпы бұл өзі қандай дерт және оны қалай емдеуге болатынын анықтаймыз. Бұл туралы егжей-тегжейлі Лайқосқа дәрігер гематолог әрі трансфузиолог Олег Хан айтып берді.

Бүгінде медицина қызметкерлері қантүзу жүйесіне байланысты көптеген дерттерді жақсы зерттеп үлгерген және осыған дейін емделмейтін болып саналған қаназдықтың сан алуан формалары енді сәтті емделіп жатыр. Қанның құрамы 60%-ға сұйық плазмадан тұрады, ал қалғаны – бұл эритроциттер, тромбоциттер және лейкоциттер. Осы жасушалардың әрқайсысы өзіндік қызметін атқарып келеді, әрі олардың жай-күйі адам денсаулығы үшін аса маңызды.

Қаназдық дегеніміз не

Қаназдық – бұл қанның құрамындағы эритроциттер мөлшері азайған және гемоглобин деңгейі төмендетілген жай-күй. Осының нәтижесінде ағза мүшелері мен тіндері оттегіні аз мөлшерде алады. ДДСҰ мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жер бетіндегі халықтың 24,8% қаназдықтың әртүрлі формаларына шалдығып отыр.

Қаназдықтың дәрежесі гемоглобиннің деңгейі бойынша анықталады

Қаназдықтың белгілері

Қаназдықтың себептері

Көбінесе қаназдық ағзаның эритроциттер мөлшерін жеткіліксіз деңгейде өндіруі, не болмаса олардың бұрыс формасы салдарынан дамиды. Бұл темір мен B6 және B12 дәрумендерінің жетіспеушілігі, әрі сүйек майы немесе иммундық жүйенің түйткілдерімен байланысты болуы мүмкін.

Қаназдық қаупін аттыратын факторлар

Қаназдық түрлері

Теміртапшылықты қаназдық. Ең кеңінен таралған түрі. Гемоглобинді өндіру үшін ағзадағы темірдің жетіспеушілігі. Себептері: тамақтану үлесіндегі темірдің жеткіліксіздігі, қан жоғалту, темірдің сіңірілуіне байланысты түйткілдер.

Мегалобластық қаназдық. B12 дәрумені және фолий қышқылының жетіспеушілігі салдарынан қанда тым үлкен эритроциттер пайда болады. Себептері: тамақтану үлесіндегі дәрумендердің жеткіліксіздігі немесе олардың сіңірілуіне байланысты түйткілдер.

Аплазиялық қаназдық. Сүйек майының мәселелері салдарынан қан жасушаларының жеткіліксіздігі. Себептері: вирустық инфекциялар, аутоиммундық аурулар, кейбір дәрі-дәрмектер.

Гемолитикалық қаназдық. Қызыл қан жасушалары жаңа жасушаларының түзілуіне қарағанда анағұрлым тезірек жойылады. Себептері: эритроциттерге қатысты туа біткен түйткілдер, қан құюға деген реакция, аутоиммундық аурулар.

Созылмалы аурулар кезіндегі қаназдық. Көбіне-көп қант диабеті, АИТВ, туберкулезбен байланысты болып келеді.

Темекі тарту және қаназдық

Шылым шегу көрсеткіштердің, яғни, гемоглобин мен эритроциттердің төмендеуін тудырмайды, демек классикалық мағынадағы қаназдық болмайды. Шылымқұмарларда оттегімен қанықтырудың төмендеу жағдайы байқалып жатады. Гемоглобин жасушалар мен ағза тіндеріне оттегінің жеткізілуі үшін жауап береді. Никотин оның қан құрамындағы мөлшерін аздап арттырады, өйткені ағза темекі тарту кезінде мүшелердегі жеткіліксіз оттегінің орнын толтыруға тырысады. «Өтілі» жоғары шылымқұмарлардың қанында гемоглобиннің 5%-нан астамы карбоксигемоглобин, яғни, гемоглобин мен тұншықтырғыш газдың қосындысы түрінде келеді.

Гемоглобин титрінің жоғары болуына қарамастан, адам ағзасында оттегінің жетіспеушілігі жалғаса береді, ал бұл өмір үшін маңызды мүшелер мен жүйелердің жұмысына теріс ықпалын тигізіп отыратыны хақ. Осының нәтижесінде зат алмасу үдерісі зардап шегеді, тромб түзілу қаупі пайда болады, әрі инфаркт және инсультке тап болу тәуекелі арта түседі.

Никотиннің жүйелі түрде жеткізілуі эритроциттердің мөлшеріне үлкен әсер етеді – «өтілі» жоғары шылымқұмардың қанында қызыл қан жасушаларының саны 12%-ға өседі. Сонымен бірге никотин деформацияға ұшыраған эритроциттердің пайызын ұлғайта түседі, әрі бұл олардың мембраналарын зақымдайды. Осының салдарынан қан иілгіштігінің көрсеткіштері жоғарылайды, бұл тұста тағы да тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз деңгейде болады.

Адамды бастың ауырсынуы, күретамырлы қысымның көтерілуі, тромботикалық асқынулар (аяқ тамырларының зақымдалуы, инафаркттар және т.б.) мазалуы мүмкін. Осыған жол бермеу үшін темекі тартатын адамның қабылдай алатын ең бір жақсы шешімі – шылымнан біржолата бас тарту. Алайда оның темекі шегу өтілі жоғары болса, ал темекіден кенет бас тарту қатты күйзеліске ұшыратса, онда ағзаға деген зиянды төмендету мақсатында никотинді алмастыратын терапия немесе темекі тартудың балама нұсқаларының көмегіне жүгінуге болады. Дегенмен мұның барлығы да әрбір адам үшін жеке түрде таңдалуы тиіс. Бұл нұсқаның әркімге жарамды бола бермейтінін есте сақтаған маңызды.

Қаназдық: емдеу жолы, алдын алу

Егер сізде қаназдыққа байланысты күдігіңіз бар болса, бірден дәрігерге жүгінген абзал. Ол сіздің жай-күйіңізді тексереді, ал қажет болған жағдайда басқа мамандарға, мәселен, гематолог немесе гастроэнтерологқа жібереді.

Қаназдықтың пайда болуының ең кеңінен таралған себебі – қан жоғалту. Бұл анық қансырау, мәселен, жара немесе мұрыннан қан ағу, сонымен қатар жасырын түрде, яғни, асқазан немесе ішек арқылы қан кеткен жағдайлар.

Әдетте қаназдықты емдеу тамақтануды өзгерту, дәрі-дәрмектерді қабылдау және аурудың негізгі себебін емдеуді қамтиды. Сонымен бірге алдын алу шараларын қолға алу, яғни, тұрақты түрде қан талдауын өткізу және қаназдықты тудыруы мүмкін факторлардан аулақ болған маңызды.

Дәрігердің беретін ұсыныстары сіздегі қаназдықтың нақты формасына байланысты болып келеді. Мәселен, егер қаназдық темірдің жетіспеушілігінен туындаса, сізге темір препараттарын тағайындайды және осы элементке бай өнімдерді көбірек жеуге кеңес береді. Бұл қызыл ет, бауыр, шпинат және басқа да жасыл көкөністер, әрі анар, алма және өрік секілді жемістер болуы мүмкін. Сонымен қатар С дәруменінің тұтынылуын арттырған аса маңызды, өйткені ол темірді сіңіруге көмектеседі, әрі кофе мен сүтті ішуді азайтқан абзал, себебі олар темірдің сіңірілуіне кедергі етеді.

Егер қаназдық басқа заттектердің, мысалы, B12 дәруменінің жеткіліксізігінен туындаса, онда дәрігер қатаң вегетариандық диетадан бас тарту және дәрумендік қоспаларды қабылдауға кеңес беруі мүмкін.

Ал егер қаназдық басқа ауруларға қатысты пайда болса, ең алдымен, негізгі ауруды емдеген жөн. Кейбір жағдайларда сүйек майын ауыстырып орналастыру немесе қан құю қажет болуы ықтимал.

Теміртапшылықты қаназдық – бұл толық емдеуге болатын дерт. Емделу 3 айдан бастап 6 айға дейінгі уақытты алуы мүмкін, әрі оның мақсаты – тек гемоглобиннің деңгейін көтеру ғана емес, сондай-ақ ағзадағы темір қорын толықтыру болып келеді. Ең маңыздысы, аурудың қайталануына жол бермеу үшін, тіпті, гемоглобин деңгейі қалпына келтірілген жағдайда да, темір препараттарын қабылдауды тоқтатпау керек.

Ешқашан өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз! Қаназдықтың емделуі тек қана дәрігердің бақылауымен, әрі тұрақты талдауларды өткізу мен барлық ұсыныстардың орындалуымен жүргізілуі тиіс.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]