Сыра денсаулыққа қалай әсер етеді - Лайқос

Жаздың басты сусыны – сыра: пайдасы мен зияны

Сыра – әлемдегі ең көп таралған сусындардың бірі. Көптеген зерттеушілердің пайымынша, бұл адамзат тарихындағы ең ежелгі, алғашқы алкогольді сусын. Қалай болған жағдайда да, бұл оның түп-тегі болуы керек. Ашыған арпа дәндерінен жасалған әрі алкоголь мөлшері аз ішімдік Ежелгі Мысырдың қазындылары арасында табылған еді.

Жалпы алғанда сыраның пайдасы мен зияны туралы даулар тұрмыстық деңгейде де, ғылыми ортада да бұрыннан тоқтамай келе жатыр. Лайқос сыраны не үшін мақтайтыны және не үшін айыпталатын жайттарды анықтайды, сонымен бірге сыра қайнататын орынның технологына сұрақтарын қояды.

Сыраның құрамы

Шын мәнісінде сыраның құрамы өте қарапайым: оны дайындау үшін су, арпа дақылы, құлмақ және ашытқы қолданылады. Кей кездері қосымша ингредиенттер де пайдаланылады: дәмдеуіштер, жеміс-жидек, қант. Сусынның калориялығы оның рецептурасына байланысты өзгеріп отырады: жүз грамға шаққанда 29 ккал бастап 53 ккал дейін. Алкогольдің мөлшері 0,5% бастап 15% дейін болады.

Сыраның пайдасы

Ал сыраның артықшылықтары ішінен оның бай құрамын ерекше атап өтуге болады: адам ағзасына жағымды әсер ете алатын В тобындағы дәрумендер, магний, калий және фосфор бар. Орынды мөлшерде тұтынылатын сыра ас қорыту үдерісін жақсарта түседі, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады және холестериннің қалыпты деңгейін сақтай алады.

Жақында испандық ғалымдар анықтағандай, сыраны бірқалыпты мөлшерде тұтыну физикалық және психикалық денсаулықтың жақсы жағдайына және әлеуметтік тұрғыдан салауатты белсенділікке байланысты екен.

Сыраның зияны

Сонымен бірге сыраны шамадан тыс тұтынудың теріс салдары турасында да ұмытпаған абзал. Ең алдымен, оның құрамындағы алкоголь бауыр, бүйрек және жүректің денсаулығына кері әсерін тигізуі бек мүмкін. Сыра аса калориялы сусын және артық салмақ жинауға септігін тигізе алады, ал бұл семіздік пен оған байланысты ауруларға тап болу қаупіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар сыраны шамадан тыс тұтыну дәрумендер мен минералдардың тапшылығына апаруы ықтимал, өйткені алкоголь олардың сіңуіне кедергі етеді де, ағзадан шайылуына септеседі. Мұндағы маңызды аспектілердің бірі – психологиялық тәуелділік болып отыр, себебі ол, тіпті, азғантай мөлшерлерді, дегенмен тұрақты түрде тұтынған кезде дамуы мүмкін.

Мамандар не дейді?

Қазіргі заманғы өндірістің ерекшеліктері мен сыраның пайдасы жайында біз BAZA BREWERY сыра қайнату орнының инженер-технологы Игор Недогибченкомен әңгімелестік.

– Сыраның қандай түрлері пайдалырақ? «Тірі» деп аталатын сыра несімен жақсы?

– Тірі немесе жоқ па, бұл маңызды емес. Дегенмен тірі сырада, яғни, пастерлеуден өтпеген сусында ашытқы қалып қояды да, бұл асқорыту жолына жағымды әсер етеді.

– Бүгінде сыраның басым бөлігі ұнтақтан жасалған деген сияқты пікірлерді естіп пе едіңіз? Бұл шынымен де солай ма?

– Сыраның ұнтақтан жасалуы – бұл дақпырт. Сыра тек қана уыт, құлмақ, су, ашытқы және алуан түрлі табиғи қоспалардан, соның ішінде шырындар, езбелер, кофе, какао, жеміс-жидектен жасалады. Жақында ғана бір неміс сыра қайнату орны ұнтақталған сыраны шығарған еді, алайда олар, шын мәнісінде, кәдімгі сыраны қайнатқан да, оны сублимациялаған. Бұл сырадан жасалған сыра болып келеді. Демек ешқандай да жаңашылдық жоқ, бұл жай ғана аса қымбат эксперимент болып отыр. Егер мұндай технология болатын болса, онда сыраны қайнату орындары да, әрі сыра шығаратын алып зауыттар да болмас еді. Сыра философиясының бүкіл мән-мағынасы өлетін еді.

– Көбігін кетірмей тұтыну зияндырақ екені рас па?

– Жоқ. СО2 негізгі құрамы сұйықтықтың ішінде қалуы тиіс. Көбікті «қалпақ» сусынды оттегімен болатын жанасудан қорғайды. Көбігі кеткеннен кейін сыра ауамен жанасады да, сусын «өле» бастайды, сондықтан оны сағаттарға созбай-ақ, бірден ішу керек.

– Сыра пайдалы деп ойлайсыз ба?

– Иә. Сыра – пайдалы өнім, өйткені оның құрамында көптеген дәрумендер кездеседі. Ең бастысы, сыраны денсаулық үшін қауіпсіз мөлшерде тұтыну, сонда сіз тыныштандыратын әсерінен бөлек, тері, шаш, тырнақ, сүйек тіні мен бүйрекке деген пайдаға ие боласыз. Менің ойымша, аптасына сыраның 1-2 құтысы асқазан-ішек жолы мен бүйректің жұмысына оң әсерін тигізеді. Сондықтан екі бөтелке – бұл қалыпты мөлшер. Сыраны жауапкершілікпен ішу керек.

Тепе-теңдікті табудың жолы қандай?

Нәтижесінде таразының бір жағында – сыраның жағымды және пайдалы қасиеттері:

– құрамында адам ағзасы үшін маңызды дәрумендер мен микроэлементтері бар;

– ұстамдылық танытып тұтынылса, ас қорытуды жақсартады;

– жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін төмендетеді және холестериннің қалыпты деңгейін сақтап отырады;

– босаңсуға көмектесіп, психикалық денсулықты нығайтады және әлеуметтік белсенділікті арттырады.

Ал екінші жағында – ықтимал теріс әсерлері баршылық:

– алкогольдің бауыр, бүйрек және жүрекке ықпалы;

– салмақ қосу мен семіздік қаупін тудыратын жоғары калориялығы;

– алкогольді шамадан тыс тұтынған кезде дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі;

– тіпті, аз мөлшерлерде болсын, дегенмен үнемі тұтынған кезде психологиялық тәуелділікке апарады.

Теріс тұстарынан аулақ болудың жолы қандай? Бірқалыпты деңгейде және саналы тұтыну туралы есте сақтаған абзал. Алкогольді тұтынудағы ұстамдылық этанол мөлшерімен анықталады. Осы спирттің стандартты дозасы деп 10-12 грамды айтады, бұл – шамамен сыраның 200 грамы. Әйелдер үшін күнделікті орташа порция екі стандартты мөлшер (0,4 л) болса, ер адамдар үшін – үш дозаға дейінгі мөлшер қалыпты болып саналады (0,6 л).

Егер осы мөлшерден аспасаңыз, сыра зиян тигізбейді, керісінше, пайдалы болып, бойыңызды еркін ұстауға септесіп, әсіресе, ыстық жазда өзектілікке ие сергітетін сусынға айналады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]