Неліктен темекі тартуға тыйым салудың пайдасы жоқ
«Темекіні таста!» – деп салауатты өмір салтын ұстанатын достарыңыз, анаңыз бен көрші әйел қайта-қайта айтып отырады. Алайда дамыған елдердің үкіметтері темекіге жай ғана тыйым салудың жеткіліксіз екендігін түсінді. Тіпті, тарих сабақтарының өздерінен-ақ құрғақ заңдардың іске аспағандары есімізде – керісінше, адамдар қолдан жасалған алкогольді ішімдіктерден көбірек зардап шеккен еді. Сол секілді темекі тартуға қатаң тыйым адамдарды заңсыз және анағұрлым қауіпті баламаларға ауысуға итермелеуі мүмкін.
Темекі шегумен күресті қалай жүргіземіз?
АҚШ Конгресінің мәжілістерінде темекі өнімдерін бақылау бойынша бөлімінің директоры Митч Зеллер шылымқұмарларға зияны айтарлықтай төменірек балама нұсқалар ретінде темекісіз өнімдерді қарастыруды ұсынған. Олар жанбайды, демек, түтінді шығармайды – ал бұл адам денсаулығы үшін негізгі қауіп болып келеді.
Ғылыми пікір
18 елдің ғалымдары мен медицина қызметкерлері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорының атына жазған хатында дәстүрлі шылымды темекіні қыздыруға арналған жүйелерге (хиттерлерге) алмастыруды қолдайтындарын көрсетті. Зерттеулерге сүйенсек, оларға ауысу темекі тартуға байланысты пайда болатын аурулар қаупін төмендете алады. Атап айтқанда, британдық ғалымдар темекінің түтінімен салыстырғанда хиттерлердің стиктерінен шығатын никотиндік аэрозольдің құрамындағы зиян және канцерогенді заттектер 95%-ға азырақ екенін анықтаған.
Деректер
ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес жыл сайын әлем бойынша темекі шегуден шамамен 8 млн адам қайтыс болады. Сонымен бірге зерттеулер көрсетіп отырғандай, зияны анағұрлым азырақ келетін балама нұсқаларға ауысу осы көрсеткішті айтарлықтай төмендетуі бек мүмкін. Мәселен, Швецияда снюс (шайналатын темекі) заңды түрде қолжетімді болып отыр, әрі мұнда басқа еуропалық елдермен салыстырғанда шылым шегуге байланысты пайда болатын дерттердің деңгейі әлдеқайда төмен. 2020 жылы ересек шведтердің небәрі 5% ғана дәстүрлі темекіні шеккен екен, яғни, бұл Еуропа бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып келеді.
Бұл нені білдіреді
Темекі тартуға толық тыйым салу – бұл шылымқұмарларға емес, жасанды бұйымдардың өндірушілері мен контрабандашыларға көмектесетін қауіпті шешім. Бұған қарағанда анағұрлым тиімді тәсіл – бұл зияны әлдеқайда төменірек балама нұсқаларға ауысу және ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдістердің арқасында денсаулыққа болатын залалды төмендету. Дегенмен естеріңізге саламыз: темекінің ешқандай да баламасын толықтай қауіпсіз деп санауға болмайды. Денсаулығыңызға көмектесудің ең жақсы әдісі – темекі тартуды мүлдем тоқтату.