Өкпе обырына қандай мамандық иелері жиі душар болады
Жыл сайын күллі әлемде өкпе обыры бойынша шамамен 2,4 млн жаңа жағдай тіркеледі, әрі бұл барлық қатерлі ісік ауруларының 12,4% құрайды және осылайша дерт таралауы жағынан сүт безінің қатерлі ісігінен кейін екінші орынға шығып отыр. 74 жасқа қарай әрбір 100 ер адамның 4 жуығы және 100 әйелдің 2 осы аурумен бетпе-бет келеді. Қауіптер туралы егжей-тегжейлі ақпараттың қолжетімділігіне қарамастан, аталмыш дертке шалдығу деңгейі жоғары болып қала беруде. Қандай жайттар осындай статистиканың ұлғаюына септеседі және қай мамандықтардың иелері бәрінен бұрын қауіпке бейім болып келеді? Осыны анықтап алайық.
Өкпенің қатерлі ісігі қаупін арттыратын факторлар
- Темекі тарту және екіншілік түтіннің әсері
Темекі тарту өкпенің қатерлі ісігінің негізгі қауіп факторы болып саналады. Ауруға шалдығу жағдайларының шамамен 85% нақ осы темекіні тұтынумен байланысты. Тіпті, шылым шекпейтін, алайда екіншілік түтіннің әсеріне үнемі душар болатын адамдарда дерттің пайда болу тәуекелі жоғары болып саналады. Медициналық зерттеулерге сәйкес, пассивті темекі тарту өкпенің қатерлі ісігінің даму қаупін 30 есеге арттырады екен. Бұл таңқаларлық жайт емес, өйткені темекі түтінінің құрамында 6 мыңнан астам алуан түрлі зиянды химиялық заттектер кездеседі.
- Жұмыс орнындағы канцерогенді заттар
Бірқатар жұмыс орындарында талшықтас, радон және көмір тозаңы секілді канцерогенді заттектердің жоғары деңгейі болады, әрі дем жұтқанда олар өкпенің ішінде жиналуы және қатерлі ісіктің дамуын қоздыруы әбден мүмкін. Осы заттектердің әсеріне тап болатын жұмысшылар, әсіресе, қажетті қорғаныш құралдары болмаған жағдайда тыныс алу жолдарының онкологиялық ауруларының жоғары қаупіне ие.
- Ластанған орта
Өнеркәсіптік аймақтар мен мегаполистердегі ауаның құрамында азот тотығы, көмірқышқыл газы және ұсақ қатты бөлшектер секілді зиянды заттектер жиі кезедседі, олар да өкпенің қатерлі ісігі дертінің даму қаупін арттырады. Мұндай өңірлердің тұрғындары тыныс алу жүйесінің түйткілдеріне, соның ішінде өкпе обырына анағұрлым бейім болып келеді. Осылайша, мәселен, металлургиялық комбинаттан болатын шығарындылар салдарынан Теміртау қаласының тұрғындары PM2.5, NO2 және SO2 сияқты ауадағы уландырғыш заттектердің қауіпті концентрациясының әсеріне душар болып отыр. Соңғы бағалау бойынша, ауаның ластануы жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, өкпенің қатерлі ісігі және қант диабетінен 3 мыңға жуық өлім жағдайының себебіне айналған. Алматы қаласындағы ауаның сапасы жайында еске түсірудің қажеті бар ма?
Өкпенің қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары мамандықтар
- Көмір өнеркәсібіндегі кеншілер мен жұмысшылар
- Талшықтас және бетонмен жұмыс істейтін құрылысшылар
- Уландырғыш материалдарды өндіру және өңдеу ісімен байланысты химиялық жұмысшылар
- Металл өндірісі және металл өңдеу өнеркәсібінің жұмысшылары
- Түтін мен химиялық заттектердің әсеріне үнемі ұшырайтын өрт сөндірушілер
- Өнеркәсіптік тозаң әсеріне тап болатын өңдеу зауыттарында еңбектенетін жұмысшылар
- Ас үйлерде кез келген майда тағам қуырумен жұмыс істейтін аспаздар
- Формальдегид, аммиак, ҰОҚ, толуол секілді шашты ағартуға, бояуға және түзулеуге арналған химиялық заттектермен жұмыс істейтін шаштараздар
Профилактика және ұсынымдар
- Шылым шегуден бас тарту және пассивті темекі тартудан аулақ болу. Бұл өкпені қорғау мақсатындағы ең маңызды қадам болып есептеледі. Шылым шегуден біржолата бас тартуға дайын емес адамдарға зиянды төмендетуге көмектесетін түтін шығармайтын балама нұсқалар – хиттерлер қарастырылған. Олар жану үдерісіне жол бермейді және құрамындағы канцерогенді заттектердің мөлшері 95% азырақ, осы заттектер көптеген аурулардың басты себебіне айналатыны анық. Алайда бұрыннан белгілі ең дұрыс шешім бұл темекі шегуден толықтай бас тарту екендігі сөзсіз, әсіресе, экологиямызды ескерген жағдайда…
- Канцерогенді заттектермен әсерлесуі мүмкін жұмыс орындарында жеке қорғаныш құралдарын пайдалану.
- Тұрғынжайлар мен жұмыс аймақтарындағы радон деңгейін тексеру, әсіресе, бұл радиобелсенділігі жоғары аудандарда қажет. Радон өкпенің қатерлі ісігін қоздыратын маңыздылығы жоғары себептердің ішінде темекі тартудан кейін екінші орында тұр.
- Бөлмелердегі ауаның ластану деңгейін төмендету, сүзгілер мен ауа тазртқыштарды қолдану.
- Тұрақты түрде медициналық тексерулерден өтіп отыру, бұл әсіресе, қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін адамдар үшін маңызды. Ерте кезеңінде анықталған қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың шамамен 85% аурудан құлан-таза айығып шығады немесе тұрақты ремиссияға қол жеткізе алады. Қатерлі ісіктің даму қаупін төмендету үшін күллі әлемнің дәрігерлері жыл сайынғы профилактикалық тексерулерден міндетті түрде өтіп отыруға кеңес береді.
Қорытынды
Өзіңіздің денсаулығыңызға көңіл аудару үшін оның сыр бергенін күтпеңіз. Аурудың алдын алу оның асқындырылған сатысымен күресуден гөрі әлдеқайда жеңілірек екені сөзсіз. Егер, тіпті, сіздің мамандығыңыз жоғары қауіп-қатермен байланысты болмаса да, бұл профилактикалық шараларды елемеудің себебіне айналмауы тиіс. Жыл сайынғы ағза чекаптары әрбір адамның өз денсаулығын күтуі, ықтимал түйткілдерді ерте кезеңінде анықтауы және дер кезінде шара қолдануы үшін аса қажет. Бұл ұзақ өмір сүру мүмкіндігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге оның сапасын да сақтауға көмектеседі. Өзіңізді күтіңіз және денсаулыққа қамқорлық танытуды бірінші орынға қойғаныңыз абзал!