Жеке шекара: бұл не және оны қалай қорғауға болады - Лайқос

Жеке шекара дегеніміз не және оны қорғаудың жолы қандай?

Жеке шекара – бұл адамның өзінің физикалық, эмоциялық, психологиялық кеңістігін қорғап қалу үшін қоятын саналы шектеулер мен ережелер. Бұл нені білдіретіні туралы, әрі жеке шекараны табу мен қорғаудың жолы және қандай қиындықтар болуы мүмкін екендігі жайында мінез-құлықты талдау жөніндегі сарапшы Сергей Семенченко Лайқос жобасына айтып берді.

Жеке шекара: қайда орнатылған және ол қандай болады

Жеке шекара өзіндік «мен» дегенді анықтаумен және бұл түсінікті айналадағылардан ажыратумен тікелей байланысты болып келеді. Шекара – бұл жеке тұлғаны басқа адамдардан бөліп тұратын сызық. Ал шекараны ұғыну – бұл дегеніміз өзіңнің эмоцияларыңның, сезімдеріңнің, қалауларыңның, өз мақсаттарыңның қайда екенін – сондай-ақ өзгенікі қайда екенін түсіну.

Олар әртүрлі болады: мәселен, эмоциялық шекара, яғни, алаңдаушылықтар, сезімдермен байланысты жайттар. Сонымен бірге интеллектуалдық шекара да бар – бұл өзіндік сенімдер, әрі физикалық шекара – бұл жыныстық қауіпсіздікті сақтауды да қамтиды.

Жеке шекара неге байланысты болады

Жеке шекара дербес құндылықтарға, өмірлік тәжірибеге, отбасыдағы тәрбиеге, мәдени нормаларға, өзін-өзі бағалауға, саналылықтың деңгейіне байланысты болады. Және, тіпті, елдің тарихи тәжірибесіне де байланысты екен.

Бізде социализмді құруға ұмтылған, әрі барлық заттар ортақ, ал адамның ұжымнан қандай да бір құпиясы болуы мүмкін емес деп есептелген елде тәжірибе жинастырған адамдар көп. Ұжым адамның жеке өміріне белсенді араласуға құқылы болатын. Сол кезде бұл қалыпты нәрсе болып саналған. Ал енді сол кезде өскен және өмір сүрген адамдар қазіргі жас буын үшін көбіне-көп шекараны бұзушылар ретінде қабылданады, өйткені норма түсінігі әртүрлі болып отыр.

Сонымен бірге біз қарым-қатынас жасайтын әрбір адам үшін жеке шекараны құрамыз, бұл сол адамның жақындығы мен өміріміздегі маңыздылығына байланысты болады. Бұл барлық жайттарға қатысты, соның ішінде адамның сізге сүйкенгені немесе рұқсатсыз қолыңыздан ұстағанынан бастап, тіпті, талқылауға болатын тақырыптар тізіміне дейін.

Жеке шекара және өзімшілдік

Көбінесе нақты жеке шекараны құра білетін адамдарды өзімшіл деп санайды. Мұның себебі осындай адамдарға манипуляция жасау мүмкін еместігінде, олардың «жоқ» деп айтуды білетіндігінде жатыр. Біздің қоғамымызда ата-ана баланың бойына көбіне-көп сәби кезінен-ақ өзінің қалауларынан бас тарту идеясын сіңіруге тырысады: яғни, баршамызға белгілі сөздер, мәселен, «Қарашы, мұны осылай болғанын қалайды дейді ғой! Айтқанымдай болады!», сонымен қатар өзге адамдардың көзінше эмоцияларын білдіруге тыйым салу, әрі үлкендердің тілін алуын талап ету. Осының нәтижесінде болашақта адамның жеке шекаралары бұлдыр келеді және өз-өзіне құлақ асу әдеті болмайды.

Жеке шекараны қорғай алмау несімен қауіпті

Бұл шын мәнісінде адамның өз ерік-жігерінен айырылуына әкеліп соқтырады. Өйткені оны пайдаланатын көптеген адамдар табылады. Жеке шекарасы нашар құрылған адам оны пайдалану үшін өте ыңғайлы, бұл тұста оның уақытынан бастап жеке мүлкіне дейінгі жайттарды сөз етіп отырмыз.

Егер сіз жеке шекараңызды қорғауды білмесеңіз, демек сізге өз пайдаңызға таңдау жасау, сол секілді жайлылықты қамтамасыз ету қиынға соғады. Соның нәтижесінде өмірге деген қанағатсыздық сезімі жинақтала береді, кейде, тіпті, агрессия танытуыңыз да ықтимал.

Жеке шекараның бұзылғанын қалай түсінуге болады

  • Сіз сезінгіңіз келмейтін эмоцияларды сезініп тұрсыз.
  • Сіз істегіңіз келмейтін нәрсені істеп тұрсыз, сіз қаламайтын іс-әрекетті жасап тұрсыз.
  • Сіз жеке істеріңізге қатысы жоқ шаруаларға уақыт жұмсап тұрғаныңызды сезінесіз.
  • Ең бастысы, бұл сізге мүлдем ешнәрсе бермейді. Ешқандай тәжірибелік немесе материалдық пайданы да, жағымды эмоцияларды да әкелмейді.

Жеке шекараңызды көрмесеңіз, не істеу керек

Өзіңіздің шекараңызды қорғаудан бұрын, жалпы оның қайда орналасқанын ұғынып алған абзал. Өзіңізге маңызды салалар бойынша сұрақтарды қойып көріңіз, ал ең дұрысы – оларды жазып алыңыз.

  • Мен қалағанымдай көрінемін бе? Шын мәнісінде қалай көрінуді қалайтын едім? Неліктен мен дәл қазіргідей көрінемін?
  • Мен шынында да осы іспен айналысқым келе ме? Мен шын мәнісінде немен айналысуды қалаймын?
  • Маған осы мамандық бойынша жұмыс істеуім керек деп кім айтты? Осы жұмыста қала беруді қалаймын ба?

Жеке шекараны қалай құру керек

Өз шекараңызды құрғаннан кейін «жоқ» деп айтуды үйренудің уақыты келеді. Сонымен бірге мұны сыпайы түрде, агрессияға берілмей, дегенмен сенімді және басқалар үшін қалай көрінетініңізге байланысты ешбір күмәнсіз жасауыңыз қажет.

Қолдануға болатын фразалар:

  • Бұл маған ұнамайды, мен осылай істегеніңді қаламаймын.
  • Бұл маған ұнамайды, келесі жолы осылай істемеуіңді сұраймын.

Осындай мінез-құлық жұмсақ болып саналады, дегенмен бұл жеке ұстанымыңызды қорғап қалуға көмектеседі. Егер әңгімелесуші дегеніне көндіруді жалғастыра берсе, өкінішіңізді білдіріңіз де, алайда шешіміңізді өзгертпеңіз.

Айналадағылардың қарсылығы

Адам жеке шекараны құра бастаған кезде оның көптеген басқа адамдармен қарым-қатынасы нашарлауы бек мүмкін. Бәлкім, ол әлдебіреумен қарым-қатынасын мүлдем тоқтататын да шығар – алайда бұл, бірінші кезекте, өз мүддесінің ыңғайына қарай сол адамды пайдаланып келгендердің ғайып болуына септігін тигізеді. Бірнеше рет бас тартудан кейін олар атымен жоқ болады. Бұл көмек сұрауға ғана қатысты емес, сонымен бірге дөрекі қалжыңдар, ақшаны қарызға ала беру, әрі ұдайы моральдық қолдау көрсетуге де байланысты болып келеді. Сонымен қатар мұндай «пайдаланушылар» бұрынғы досының жаман жаққа өзгергенін айтып отыратыны бек мүмкін. Бұған да дайын болғаныңыз абзал.

Жеке шекараны қорғаймын деп нені істемеген жөн

Дөрекі сөйлеуге бомайды

Адамдардың көбі жеке шекарасын қорғауды үйрену жолында дөрекілікке жол бере бастайды. Олар жеке шекараны қорғау – бұл өзгеге тіл тигізуге деген батылдық ретінде қабылдайды. Алайда бұл мүлдем олай емес. Ең мінсіз нұсқа – басқа адамдар жеке шекараны бұзуға, тіпті, талпынбаған кезде ол қорғалған болып есептеледі. Алайда мұндай жағдай болып жатса, ең жақсы реакция – бұл сабырлы, дұрыс және сыпайы, дегенмен берік ұстаным. Шекараны жанжалды тәсілмен емес, қисынды, яғни, өзіңіздің және басқа адамның абыройына нұқсан келтірмейтін жолмен қорғай білу керек.

Түсіндіру және ақталу

Бұл жерде қандай да бір қалауларыңыз бен мінез-құлығыңыз үшін түсіндірмеу және ақталып тұрмауды үйренген маңызды. Кейде өтінішке «жоқ» деп айтқаныңыз үшін басқа адамның алдында өзіңізді ақтап алатын белгілі бір хикаяны ойлап шығарғыңыз келіп-ақ тұрады. Денемен мұны шындық ретінде қабылдағаныңыз дұрыс: сіз жай ғана қаламай тұрғаныңызға байланысты бас тартуға қақылысыз.

Қорытынды

Сонымен, жеке шекараны қалай қорғау керек? Ең алдымен, оны анықтап алу, ұғынып алу, әрі «жоқ» деп айтуды үйрену қажет.

Адам кез кезген іс-әрекетке қызығушылық танытпауға құқылы екендігін түсінген абзал – мейлі бұл қарым-қатынас болсын, мәселен, біреумен араласу, тіпті, сұраққа жауап беру кезінде аз сөйлеу қағидатын ұстану болсын. Ол өз қалуына қарай қандай да бір іс-әрекетті істеу немесе істемеу құқығына ие. Адам бас тартуға, жеке пікірге, өзіндік сенімдерге, мінез-құлыққа, ықыласқа ие болуға, әрі өзінің ресурстарын, соның ішінде қаражат, уақыт және сайып келгенде жеке өмірін басқаруға құқылы.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]